Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ресми сайтында бос лауазымдар тізімі жарияланған, осы бос орындарға қабылдау тәртібі қандай?

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, конкурс негізінде жүргізіледі.  

Жалпы конкурсқа тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.

Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жалпы конкурсқа қатысуға өтініш, қызметтік тізім, білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыру жеткілікті және конкурстың әңгімелесу сатысы қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар туралы хабарландырулар www.gov.kz сайтында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында  жарияланады.

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы