Меню

Страницы

Статья

Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Заңда көзделген кейбір жағдайларда, өндiрiп алу жүргiзiлмеген  немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқарушылық құжаттар орындаусыз өндіріп алушыға қайтарылуы мүмкін.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (одан әрі-Заң) 48-бабында өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық жүргізілмеген атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Атқарушылық құжатты орындаусыз қайтару борышкерден берешек сомманы өндіріп алудан бас тартуды білдірмейді.

Сонымен қатар, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды.

Атқарушылық іс жүргізудің орындаусыз қайтарумен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатпайды.

Өндiрiп алу жүргiзiлмей немесе толық көлемде жүргiзiлмей өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізу бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған тыйымдардың, шектеулердің) күші келесі жағдайларда ғана жойылуға жатады:

         1) өндіріп алушының арызы негізінде орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізу бойынша  өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізсе;

         2) Заңның 11-бабында көзделген атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің мерзімі өткен жағдайларда.

         Сондай-ақ, өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізу бойынша Заңның 47-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер орын алса, атқарушылық іс жүргізу бойынша  мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады.

         Яғни, жоғарыда аталған негіздер болған жағдайда, атқарушылық іс жүргізу бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жою үшін сот орындаушысына тиісті арызбен жүгіну қажет.

         Сот орындаушысы бес жұмыс күні ішінде тараптардың атқарушылық iс жүргiзуге байланысты арыздары мен өтiнiшхаттарын қарауға және олар бойынша қаулылар шығаруға міндетті.

 

Дата публикации
06 ноября 2023
Дата обновления
06 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы