Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу бойынша

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әдiлет органдары, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласындағы функциялардың бірі ретінде орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің (бұдан әрі  - НҚА) әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

Заңға тәуелді НҚА жобаларын әділет органдарының келісуі «Құқықтық актілер туралы» Заңында жәнеНормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында (Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген) айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы, азаматтардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделеріне қайшы келетін ережелерді қамтымайтындығы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Нормашығармашылық құқықтық реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезіндегі қызметі тұтастай алғанда заңнаманың дамуымен тығыз байланысты.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікке кедергілердің болмауы, заңнаманы жетілдіру мәселелері нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тиімділігіне байланысты. Мемлекеттік тіркеудің маңыздылығы мен мәні тек нормашығармашылықтың  заңдылығын бақылауда ғана емес, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Ал мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық акті жарамсыз болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылданғанға дейін көпшілік талқылауы үшін «Электрондық үкіметтің»  www.egov.kz веб-порталында  «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы» орналасады. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастырылады.

Сонымен қатар, НҚА жобалары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау мақсатында міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатады (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Заңға сәйкес қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда).

Сондай-ақ, әзірлеуші мемлекеттік органдаркәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптама кеңесі мүшелерінен сараптама қорытындыларын және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты НҚА жобалары бойынша әзірлеушілерөз органдарының жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алу әділет органдарына келісім алу үшін міндетті шарттары болып табылады.

Осылайша, жергілікті мемлекеттік органдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін сапалы нормативтік құқықтық актілері бірнеше сатыдан өтіп Әділет органдарында тіркеледі. Аталған НҚА келісужәне қабылдау  арқылы еліміздің заңдары тиімді жүзеге асырылады.

2023 жылдың 9 айыныңқорытындысы бойынша Ақтөбе облысы Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органдардың169 НҚА жобаларына келісім беріліп, 98 НҚА тіркеуден өтті.

 

Ақтөбе облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Дата публикации
24 октября 2023
Дата обновления
24 октября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы