Әрекет етуші заңнама нормаларына сәйкес сот орындаушыларымен жүзеге асырылатын атқарушылық іс жүргізулердің санаттары белгіленген.
Аталған санаттардың ішінде мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттар – мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар болып табылады.
Алайда, бұл санаттағы құжаттарды орындаудың ерекшелігін ескере отырып, сот орындаушысы борышкерге белгілі бір мерзiм белгiлеп, осындай әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттiгi туралы хабарлама жiберуі тиіс.
Өз кезегінде борышкер сот орындаушысының хабарламасын алған соң өз еркімен сот актісін орындауға ықпал жасауы қажет.
Алайда тәжірибе көрсеткендей мұндай іс жүргізулер бойынша сот орындаушысы мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдап, заңнамамен белгелінген екі айлық мерзім ішінде орындау бойынша іс-шаралар қабылдайды.
Бұған қоса, сот орындаушысымен сот актілерін дер кезінде орындамаған, яғни хабарлама алған соң тиісті іс-әрекеттерді жүзеге асырмағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
* Ақтөбе облысы Темір аудандық сотының 30.05.2023 ж. қаулысы негізінде Темір ауданы Шұбарқұдық селосы, Н.Байғанин көшесінде оранасқан ғимараттың жұмысын тоқтату бойынша сот орындаушысының іс-әрекеттері.