Меню

Страницы

Статья

Сотта өкілдік ету

     

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлғаға сенім білдіреді. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты бар. Өкілдің уәкілеттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Өкіл болатын азаматтардың әрекет қабілеттігі болу керек, сенім берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек.

Сотта өкілдік ету барлық азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша және азаматтық процесстің барлық сатыларында болады.

Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне қолданыстағы заңнамамен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді.

Сотта өкілдік етудің мақсаты:

  • Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін сотта қорғау;
  • Өкілдік берушінің іс жүргізу құқығының жүзеге асуына және міндеттерінің орындалуына көмектесу;
  • Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.

Әділет департаменті көбінесе сот орындаушылардың шешіміне берілген талап арыздар бойынша сотқа қатысады.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс қолданысқа енгізіліп, осыған байланысты облыстарда әкімшілік соттар құрылды. Сот орындаушылардың атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешіміне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым осы сотқа жолданады.

2022 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің шеңберінде қаралған 31, 2023 жылдың 1 тоқсанында 12 әкімшілік сот ісі бойынша Әділет департаменті  өкілі (сенімхат негізінде) үшінші тұлға, маман ретінде тартылды.

Сонымен қатар, департамент талапкер ретінде де сотқа қатысты. 2023 жылдың 1 тоқсанында Әділет министрлігінің талабы негізінде 1 ЖСО лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Дата публикации
31 марта 2023
Дата обновления
31 марта 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы