Белгілі бір тұлғаның көзқарасымен қарасақ, сот орындаушылары олар үшін жағымды кейіпкер емес. Сот орындаушылары – мемлекеттің белгіленген міндеттерін іске асырушылар болып табылады. Бізде сот актісі міндетті түрде орындалу керек деген қағида бар, өйткені «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 9-бабында көрсетілген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктелген.
Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлткісіз орындалуға тиіс.
Егер қандай да бір тұлға мемлекеттің немесе басқа бір адамның құқықтарын шектесе, оны қалпына келтіріп, құқықтарының бұзылуына жол берілмеу керек. Осы тұрғыдан қарағанда сот орындаушыларының қызметі әрине тиімді.
Заңның Сот орындаушысы қызмет барысында кез-келген шешімді өзі дербес қабылдайды. Оның қызметтік іс-әрекетіне ешкімнің де араласуға құқығы жоқ. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 673 бабына сәйкес, сот орындаушысының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткiзу) әрекеттерiн жасауына жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың кедергi келтiруi немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тарту – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.