Ақтөбе облысының Әділет департаментімен әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы көрсетілді. Есептік кезеңде басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілмен 27 жеке қабылдау өткізілді.
Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулер бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері мен құқықбұзушылықтарды жасау салдарлары туралы хабардар ету міндеттері жайлы түсіндірмелер берілді.
2022 жылдың 2 тоқсанда әдеп нормаларына заңнаманы сақтау жөнінде барлығы 12 шара (семинарлар, дөңгелек үстелдер, жарияланымдар) өткізілді.
Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстары веб-сайтта және әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып тұрады.
Сонымен бірге, әділет министрлігінің аппарат басшысымен әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2022 жылға арналған жоспардың аясында жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкілмен семинар өткізіліп, консультативтік көмек көрсетілді және қолданыстағы заңнама түсіндірілді.
2022 жылдың 2 тоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ғимаратында “ Адал көмек” және “Адалдық алаңы” жобаларының 5 тікелей эфирі өткізілді. 9-іс шара интернет ресурстарда жарияланды.
Сонымен бірге мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, есептік кезеңде 2022 жылдың 2 тоқсанда әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесіне сәйкес ай сайын қоғамдық тәртібі бұзатын, көлік құралын мас күйінде мемлекеттік қызметшілерінің мониторинг жүргізеді. Есепті кезеңде көрсетілген фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар орындауы және әдеп нормаларын сақтауы бойынша жұмыс жалғасуда және Департамент басшылығының, әдеп жөніндегі уәкілмен тұрақты түрде бақылауында.