Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылда 2 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылда 2 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Ақтөбе облысының Әділет департаментімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік қызметшілерге және шағымданған жеке және заңды тұлғаларға жеке консультативтік көмектер берілуде.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп сақтау бойынша іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.
Сонымен бірге, Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар, олардың заңмен белгіленген міндеттерін орындау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша фактілерді хабардар ету міндеттері, құқықбұзушылықтарды жасау салдарлары жайлы түсіндірмелер берілді.
Тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында сыйлықтарды алуға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру шаралары әңгімелесу нысанында өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында, мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы көрсетілді. Онлайн-қабылдау кезінде 23 азамат қабылданды.
2021 жылдың 2 тоқсанында әдеп нормаларына, мемлекеттік қызметке және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнаманы сақтау жөнінде барлығы 18 шара: семинарлар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар, дәрістер, жарияланымдар өткізілді.
Сонымен бірге, әділет министрлігінің аппарат басшысымен 25.01.2021 жылы бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарласының «Өзгерісті өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспардың аясында жұмыс жүргізілуде.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2021 жылдың 8 маусымында 46 мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізілді.
2021 жылдың 9 маусымында Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшылығымен кездесу өтті.
Жоспарға сәйкес, маусым 2021 жылдың 18 маусымында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облыстық филиалы негізінде әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен шешендік өнер негіздері бойынша тренинг өткізілді.
Халықаралық отбасы күнін атап өту аясында «Мерейлі отбасы» облыстық сайысының жеңімпазы, көпбалалы ана Б.Әбілдаевамен кездесу өтті. Ауданаралық әділет басқармалармен «Отбасы күніне» орай бірқатар шаралар өткізілді.
Департаменттің және ауданаралық әділет басқармаларының мемлекеттік қызметшілері облыстық тарихи-мәдени мұра ескерткіштері және мұражайларға экскурсияға барды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2020 жылдың 7 тамызында бірлесіп жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2021 жылдың 2 тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ғимаратында “Адал көмек” және “Адалдық алаңы” жобаларының 7 тікелей эфирі өткізілді.
Тікелей эфирде әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, жеке сот орындаушылар, нотариустер, заң консультанттар қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, консультациялық кеңестер берді.
Әділет департаментінің және ауданаралық басқармаларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар департаменттің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып тұрады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің өзіне сын келтіретін жарияланымдарға мониторинг жасау жұмыстары жүргізіліп отыр.
2021 жылдың 2 тоқсанында Әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды орындау бойынша жұмыс департамент басшылығының және Әдеп жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауында.
Ақтөбе облысы әділет
департаментінің Әдеп
жөніндегі уәкілі
Г.Сагимбаева