Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сот актілерін орындау

Атқарушылық іс жүргізу-борышкерден атқарушылық санкцияны, өсімпұлды, атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шаралар.

Атқарушылық іс жүргізудің міндеттері Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдері, ұйғарымдары, ұйғарымдары мен қаулылары, қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылар негізінде, мүліктік жазалар бөлігінде берілетін атқарушылық құжаттарды, сондай-ақ Заңға сәйкес өзге де органдардың қаулылары негізінде мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды міндетті және уақтылы қабылдау болып табылады.

Бүгінгі күні сот актілерін орындауды жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшелігіне кіретін жеке сот орындаушылары жүзеге асырады, олардың саны республиканың барлық аудандарында орналасқан 2 119 бірлікті құрайды.

Олардың құзыретіне өндіріп алу сомасы мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттен және мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттарды орындау кіреді.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жанынан кәсіптік оқыту, оның ішінде қашықтықтан, жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін оқыту бойынша оқу орталықтары жұмыс істейді.

Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды Әділет министрлігі, аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және оның филиалдары жүзеге асырады.

Документы
Ереже
16 ноября 2023
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақтөбе облысының Әділет департаменті туралы ЕРЕЖЕ
Басқа
26 июля 2023
Ақтөбе облысының жеке сот орындаушыларының тізімі
Ақпарат
12 ноября 2021
Ақтөбе облысының Әділет департаменті
Сот шешімін орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы
Новости
Полезные материалы
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі
«Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттарды орындау» тақырыбындағы Ақтөбе облысы әділет департаментінің №3 ауданаралық сот актілерін орындау бойынша бөлімінің сот орындаушысы Б.Орынқызының мақаласы
Медиагалерея
1
Атқарушылық іс жүргізу
1
"Адал көмек" жобасы
События
18 сентября
Пресс релиз
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысы әділет департаментінің филиалы «№ 1 сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі»
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысы әділет департаментінің филиалы «№ 2 сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі»
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысы әділет департаментінің филиалы «№ 3 сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі»
Часто задаваемые вопросы
Электрондық форматта қандай сот қарыздарын өтеуге болады?

Сот берешегі болған жағдайда оны «Kaspi bank» қосымшасы арқылы Төлемдер – Айыппұлдар және төлемдер – «Сот берешектерін төлеу» бөлімінде өтеу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

Берешектің бар-жоғын тексеру үшін өзіңіздің ЖСН енгізу қажет, содан соң қолданыстағы сот берешектері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қарызды өтеу үшін төлем әдісін таңдаған соң, қарыз автоматты түрде өтеледі және 30 минут ішінде елден шығуға салынған тыйымдар алынады.

Атқарушылық іс жүргізуде төлеуге арналған деректемелер көрсетілмеген жағдайда, атқарушылық өндіріс туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін, алайда берешекті төлеу мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайда Сіз төлем туралы мәліметтерді алу үшін жеке сот орындаушысымен байланысуыңыз керек.

Сот орындаушыларының байланыс нөмірлері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен және ҚР Электрондық үкіметінің сайтынан білуге болады (egov.kz).

Ерекшелік: алимент өндіру, заңды тұлғалардан өндіріп алу, сондай – ақ мүліктік емес сипаттағы өндіру туралы істер – борышкерден белгілі бір соманы талап етпейтін істер (жұмыстан шығару немесе жұмысқа қайта алу туралы).

Дебиторлық берешектен қандай жағдайда өндірілмейді?

Дебиторлық берешектен:

1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;

2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шет мемлекетте тұратын;

3) дебитор таратылу процесінде тұрған;

4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарып тасталған;

5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндірілмейді.

Атқарушылық іс жүргізуде күштеп әкелу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

Борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі бола тұра, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.

Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.

Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.

Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

      Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.

Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы