25 қазан — Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамдарының бірі жүзеге асты. Бұл құжат халықтың өз тағдырын өзі айқындауға деген ұмтылысын білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз қалады.
Бүгінде Республика күні — өткен тарихымызды еске алумен қатар, ортақ болашағымыз туралы ойлануға мүмкіндік беретін мереке. Тәуелсіздікті сақтау, халық бірлігін нығайту және азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі.
2026 жыл Қазақстанның конституциялық дамуындағы жаңа кезең ретінде ерекше маңызға ие. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция еліміздің дамуының негізгі бағдарларын айқындады. Олардың қатарында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттілікті нығайту, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлік пен жауапты патриотизмді дәріптеу бар.
Бұл қағидаттар күнделікті өмірде жүзеге асқанда ғана өзінің нақты мәніне ие болады. «Заң мен тәртіп» — өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, әділдік сақтау, өз іс-әрекетіне жауап беру және азаматтардың заңды мүдделерінің қорғалуына деген сенімі. Осындай құндылықтар әрбір адам өзін біртұтас қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінетін ортаны қалыптастырады.
Патриотизм де нақты істерден басталады. Ол — адал еңбек ету, туған жерді қадірлеу, тарих пен мәдениетті құрметтеу, отбасы мен қоғамның игілігіне қамқорлық таныту. Әр азаматтың күнделікті еңбегі мен жауапты әрекеті Қазақстанның дамуына қосылған үлес болып табылады.
Республика күні — тарихымызды, бүгінгі жетістіктерімізді және келешек ұрпақтың үмітін тоғыстыратын мереке. Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне, ал бейбітшілік, бірлік, әділдік пен халықтың әл-ауқаты ортақ Отанымыздың берік негізі болып қала беруіне тілектеспіз!
Автор: Ақмола облысы Әділет департаментінің бас маманы Г.Рахматулина
2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалының аудандық және қалалық АХАТ бөлімдерінің қызметкерлерімен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында Қағидаларға енгізілген жаңа түзетулерге байланысты сұрақтар талқыланды.
Департамент тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Ақмола облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықты, ашықтықты қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланбауға және қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдаланбауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі талаптар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттеледі. Бұл талаптарды сақтау лауазымдық міндеттерді адал орындауды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауды көздейді.
Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың сақталуына жауапты және мемлекеттік қызметте адалдық, әділдік пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға үлес қосуға тиіс.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің
бас маманы
С. Кантарбаева
Ақмола облысының Әділет департаментінің басшысы Р. Досанова «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының KÓKSHE телеарнасы ұжымына Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Сәрсембаевтың алғыс хатын табыстады.
Алғыс хат «Диалог дня» бағдарламасының журналистеріне әділет органдарының қызметін ақпараттық қолдағаны, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін нығайтуға қосқан үлесі үшін жарияланды.
Р.Досанова азаматтарды құқықтық ағарту бағытындағы одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақмола облысының Әділет департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Есепті кезеңде түсіндіру және алдын алу сипатындағы 10 іс-шара (1-дәріс оқушылар мен студенттер үшін, 2 мақала, 3 семинара ӘД қызметкерлері үшін, «дөңгелек үстел» -2, «Ашық есік күні» -1, қызметкерлер үшін оқыту -1) өткізілді.
Сонымен, 2026 жылғы 23 шілдеде Әділет департаментінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
2026 жылғы 29 шілдеде Ақмола облысы «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ, мемлекеттік органдардың, заң өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
2026 жылғы 5 тамызда Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде әкімшілік бөлімнің бас маманының «Жемқорлыққа қарсы шектеулер-мемлекеттік қызметшінің адалдық негізі» тақырыбында мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 11 қыркүйегінде «Жемқорлық-ауру, онымен күрес-біздің парыз» атты дәріс А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттері үшін өткізілді.
Тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына мониторинг жүргізіледі, оның ішінде департамент басшылығының жеке қабылдауы барысында. Жеке қабылдау кезінде аудио және бейнежазба жүргізіледі, бұл әділет органдары қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Департаментте сенім телефоны жұмыс істейді. Есепті кезеңде Ақмола облысының әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы хабарламалар тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілмен ай сайын департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметке бірінші қабылданған қызметкерлермен оқыту жүргізілді.
2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Ақмола облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің басшысы
Ибраева Д.М.
2026 жылғы 1 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған заңдылық, құқықтық мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинарға қатысты.
Семинар барысында заң профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж. Ибрагимов және ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Сыдықова сөз сөйледі.
Семинарда заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткізіліп, заңдылық пен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталды.
#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок #СыбайласЖемқорлыққаҚарсыІсҚимыл
ДЗМҰ-ның 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады.
Бір жыл ішінде Қазақстан бірден 8 сатыға көтерілді. ДЗМҰ еліміздің ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде атап өтті.
Қазақстанның рейтингтегі позициясының нығаюы инновациялық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүруде. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық сектордың дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және зияткерлік меншік саласындағы белсенділік бар. Экономика көлеміне шаққандағы пайдалы модельдерге берілген өтінімдер саны бойынша Қазақстан әлемде 7-орынға ие.
Өңірлік көшбасшылық Қазақстанның инновациялық экожүйесінің жүйелі дамуын көрсетіп, ғылым, технологиялық кәсіпкерлік, өнертапқыштық және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.
Ақмола облысының Әділет департаментінде «Адал Азамат» идеалдарын іске асыру аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заңтану кафедрасының 4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күні форматында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңалықтары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, сондай-ақ әділет органдарының негізгі қызмет бағыттары түсіндірілді.
Іс-шарада Департамент бөлімдерінің басшылары А.Ержанов, Ж.Адамова және Д.Ибраева ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Э. Қабышев қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар бизнес-қоғамдастыққа бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері, анықталған негізгі бұзушылықтар, сондай-ақ заңнамадағы өзекті талаптар мен өзгерістер туралы ақпарат берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлік субъектілерінің өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті түсіндірмелер алуына мүмкіндік берілді.