
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 10 - 25 сәуір аралығында
«КОНТРАФАКТІГЕ БІРГЕ ҚАРСЫМЫЗ» тақырыбында республикалық фотосурет конкурсын жариялайды. Конкурсқа 14 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
- Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды насихаттау;
- контрафактілі өнімдерді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл;
- Шығармашылық дарындарды жасөспірімдерді қолдау, анықтау;
- Жастарды әлемді жақсартуға мүмкіндік беретін идеялар, технологиялар мен тәсілдердің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Конкурстың шарттары:
- Қатысушылар фотосуреттерді және өтінімді электронды түрде (k.sandybai@adilet.gov.kz поштасына) немесе WhatsApp арқылы (8707-732-13-13) Ақмола облысының Әділет департаментіне ұсынады.
- Конкурсқа қатысушының Instagram жеке профиліне ашық қол жеткізу;
- #Антиконтрафакт 2025 хэштегімен және @adiletgovkz аккаунтын белгілей отырып, фотосуретті орналастыру.
- Әр қатысушы бір фотосурет қана ұсына алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең- облыстық конкурс. Ол облыстық Әділет департаментіне өткізіледі. Конкурстық комиссия үздік жұмысты іріктеп, республикалық конкурсқа жолдайды.
Екінші кезең – республикалық конкурс. Ол ҚР Әділет министрлігінде өткізіледі. Конкурстық комиссия үздік жұмысты іріктейді.
Конкурс жеңімпаздары екі номинация бойынша іріктеледі:
«Көрермендер таңдауы» Instagram-да ең көп лайк жинаған фотосурет;
«Кадр шебері» номинациясы.
Үздік жұмысты іріктеу кретийлері:
- Тақырыпқа сәйкестік; Жаңалығы мен өзектілігі;
- Мазмұндылығы; Дұрыс композиция, заттардың көлемін беру және тоналды шешім.