Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен өзара ынтымақтастық шеңберінде «Құқықтану» кафедрасында білім беру бағдарламасын талқылауға қатысты

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен өзара ынтымақтастық шеңберінде «Құқықтану» кафедрасында білім беру бағдарламасын талқылауға қатысты

2023 жылғы 07 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен өзара ынтымақтастық шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Сагадиева «Құқықтану» кафедрасында білім беру бағдарламасын талқылауға қатысып,  талқылау барысында болашақ заңгерлердің білім беру бағдарламасы бойынша тиісті ұсыныстар ұсынды.

Сондай-ақ, аталған шараға полиция Департаментінің, прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері және Ақмола облысының заң консультанттары палатасының төрағасы қатысты.

 

Ақмола облысы           

Әділет департаментінің                         

Баспасөз қызметі