
2023 жылғы 15 маусымда Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) Департамент қызметкерлеріне Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттың бөлім басшысы А.А. Тасмагамбетованың қатысуымен құжатайналымының мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында «Е-Өтініш» жүйесінде ҚР ӘППК нормаларына сәйкес жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ ведомстволық мұрағатқа номенклатура істерін тапсыру бойынша мәселелер қозғалды.
Семинар Әділет департаментінің қызметкерлерінен ӘППК талаптарын білуге сынақ қабылдаумен аяқталды.
Әкімшілік бөлімі