
2022 жылғы 29 маусымда Ақмола облысы бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен ZOOM арқылы онлайн режимінде акт жазбаларын өзектендіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Аталған семинарда «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер Қорының «Азаматтық хал актілерін тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтерін өзектендіру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Департаментпен қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Ақмола облысының Әділет департаменті
тіркеу қызметінің саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау
бөлімі