
2020 жылғы 25 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаменті "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Тіркеу қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Отырыс барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.