Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің, заңды тұлғалардың мүдделерін толыққанды қорғау болып табылады, оған Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік береді және сот төрелігі жүйесі жүзеге асырады. Сот актілерін орындау азаматтық сот ісін жүргізудің соңғы кезеңі болып табылады. Соттың шығарған шешімі жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің нұсқамалық сипатында болатыны және осы шешімнің орындалуы шын мәнінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіретіні және қорғайтыны ешкімге құпия емес.
2010 жылы Қазақстан Республикасында жеке сот орындаушылары институты енгізілді, ол осы институттың қалыптасуының басында мемлекеттік сот орындаушыларына балама болды. Кейіннен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгеріс енгізіле отырып, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына атқарушылық құжаттар жеке сот орындаушыларының айрықша құзыретіне жатқызылды. мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының орындауға жататын санаттарының тізбесі ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 138-бабында бекітілген.
Жалпы, жеке сот орындаушысы мемлекеттік сот орындаушысына берілген өкілеттіктерге ие. Алайда, жеке сот орындаушысы, мемлекеттен айырмашылығы, борышкерлерді атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік хаттамалар жасау өкілеттігіне ие емес. Бұл артықшылық мемлекеттік сот орындаушысының өкілеттіктеріне жатады. Жеке сот орындаушысы борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мемлекетке ұсыныс енгізуге құқылы.
Ағымдағыжылдың басынан бастапАқмолаоблысыныңӘділетдепартаментіҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілік құқық бұзушылықтуралыКодексінің669-бабы бойынша 255борышкердіәкімшілікжауапкершіліккетартты,оныңішінде99борышкергеқамауға алу түріндегімәжбүрлеушараларықолданылдыжәне145борышкергеәкімшілікайыппұл салынды.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, осы бап қазір жаза ретінде 20 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарды қамтиды. Ағымдағы жылы жауапкершіліктің жаңа түріне 11 борышкер тартылды.
Борышкерлерге ықпал ету тетіктерінің бірі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139, 430-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарыла отырып, 10 борышкер тартылды және ҚР ҚК 430-бабы бойынша 1 борышкер тартылды.
ҚазақстанРеспубликасыҚылмыстықКодексінің430 – бабы бойынша енгізілгенүкімде бас бостандығынанайыруғабайланыстынақтыжазабар,сондықтансотактісініңталаптарынорындамағаны үшін 1борышкерҚазақстанРеспубликасыҚылмыстықКодексінің430-бабы3-бөлігі бойынша 3жылға4айға бас бостандығынанайырылып, орташақауіпсіздікқылмыстық-атқаружүйесімекемесіндежазасын өтеп жатыр айтакету керек.
Сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік сот шешімдерінің нақты қолданылуын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Осы салада Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларын қолданудың тиімділігі азаматтардың құқықтарын қорғауға тікелей әсер етеді.
Бас маман реттеу және бақылау
бөлімі сот орындаушыларының
қызметіне Д. Тулегенова