Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

           Кепіл – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес,  борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда, кредитор (кепіл ұстаушы) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеден қанағаттандыру алуға құқылы болатын міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Бұл  құқық басқа кредиторлардан басымдылықпен кепілге салынған мүліктің құнынан алынады, ал бұл мүлік (кепіл берушіге) тиесілі.
            Кепіл - шарт негізінде туындайды. Сонымен қатар, кепіл заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайлар туындағанда да пайда болуы мүмкін, егер заңда қандай мүлік және қандай міндеттеме үшін кепіл деп танылатыны көзделсе.
            Кепілге салынған жылжымайтын мүлікке құқықтардың (шектеулердің) пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы тіркеуге жатады, және бұл тіркеу Қазақстан Республикасының осы қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады (2007 жылғы 26 шілдеде қабылданған "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 48-бабы).

Міндеттемелік талаптың мазмұны мен сипаты өзгерсе (мысалы, негізгі міндеттемедегі тараптың ауысуы), ол тіркелген кепілге қосымша ретінде тіркелуге жатады.

Осы талапты орындамаудың салдары тіркелген кепіл талаптарына ұқсас (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 308-бабы).

Басқа өзгерістер тараптардың келісімі бойынша тіркелуі мүмкін.

Кепіл шартына енгізілетін өзгерістер кепіл берушінің және/немесе кепіл ұстаушының қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

 

 

 

 

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

жетекші маманы                                                                       Ф. Хасанова

Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
09 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы