«Адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет. Әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалап, өз іс-әрекеттерінің құқықтық салдарын нақты түсінуі тиіс» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанда заңдар мен тәртіпті сақтау тұрақты және гүлденген қоғам үшін негізгі негіздердің бірі болып табылады. Қарқынды дамып келе жатқан экономика мен әлеуметтік орта жағдайында бұл аспектілердің маңыздылығы әсіресе өзекті болып отыр.
Қазақстанда заңдардың сақталуы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Алайда, бұл құқықтар қоғамның барлық қатысушылары белгіленген нормаларды ұстанған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Адамдар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы неғұрлым көп білсе, қоғамда соғұрлым аз құқық бұзушылықтар болады.
Қазақстанда заң мен тәртіп талаптарын сақтау бейбіт және гүлденген қоғам үшін негіз болып табылады. Әрбір азамат белгіленген нормаларды сақтай отырып және басқалардың құқықтарын құрметтей отырып, қауіпсіз және әділ орта құруға үлес қоса алады.
Заңды сақтау тек міндет қана емес, сонымен бірге үйлесімділік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік беретін артықшылық екенін есте ұстаған жөн.
Әділет органдары елдегі және тиісінше біздің өңірдегі құқықтық ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асыра отырып, азаматтардың құқықтарын қорғаумен және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етумен белсенді айналысады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Ақмола облысының Әділет департаментімен тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Ақмола облысының облыстық адвокаттар алқасымен, аумақтық нотариаттық және жеке сот орындаушылар, заң консультант палаталарымен басқа да мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні» және «Тегін заң көмегі күндері» сияқты кең ауқымды республикалық акциялары сондай-ақ, ауылдық жерлерге және әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аудара отырып, облыстың тұрғындарымен кездесулер өткізіледі.
Құқықтық сауаттылықты арттыру аясында облыстық Әділет департаменті қоғамдық акциялар, челлендждер, жастармен іс-шаралар, қоғамдық пікірталастар, дәрістер, семинарлар сияқты түрлі форматты іс - шаралар өткізеді. Мұның бәрі полиция департаментінің, Ақмола облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдармен, «AMANAT» партиясының жастар қанаты, «Жастар Рухы», Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығы» ДК өкілдерімен бірлесіп. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, А. Мырзахметов атындағы КУ, Көкшетау қаласының колледждері студенттері мен жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Есірткі қылмысының алдын алу және буллинг», «Есірткісіз өмір: Таңдау Сіздікі!» және «Есірткі заттарын сақтау, пайдалану және тарату үшін жауапкершілік» тақырыптарында нашақорлықтан алдын-алу бойынша дәріс оқылды.
Ал ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 238 «Құқық кабинеттері» ашылып, қазіргі таңда аудандық, ауылдық жерлерде «Сервистік әкімдік» кабинеттерінде «eGov.kz» порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлері мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары жұмыс істейді және компьютерлік техникамен және қажетті жиhазбен жабдықталған. Азаматтар қолданыстағы НҚА-мен танысу үшін «Әділет», ҚР Нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, «Заң» ДБ қызметіне қол жеткізе алады.
Құқықтық рәсімдерді цифрландыруға және азаматтардың электрондық платформалар арқылы құқықтық қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетуге қатысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туралы айтқан сөздерін келтіргім келеді: «Әрбір цифрлық реформа – бұл, әсіресе, заң көмегіне қолжетімділік шектелген шалғай өңірлердегі адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам».
Біздің жоғары тұрған ведомство Әділет министрлігі азаматтар үшін неғұрлым қолайлы және қолжетімді құқықтық ортаны құруға ұмтыла отырып, құқықтық рәсімдерді цифрландыру процесін белсенді түрде енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің функционалдығын кеңейту болды. Енді осы порталда азаматтар, сондай-ақ біздің облысымыз жарияланған нормативтік-құқықтық актілермен танысып қана қоймай, оларға белсенді түрде өз пікірлерімен бөлісіп, түсініктеме бере алады. Бұл ашықтықты және халықтың нормашығармашылық процестеріне қатысуын едәуір арттырады.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер тегін заң көмегіне құқығы бар адамдар тобын кеңейтеді. Қазір аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, мүгедектер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ істердің белгілі бір санаттары бойынша соттарда тегін кеңестер беріледі.
«Е - Zan Komegi» жобасы адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен «онлайн» түрде өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған. Жүйеде қылмыстық және азаматтық істер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің (МКБЗК) процестері автоматтандырылған, яғни мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін қылмыстық қудалау органдары жүйе арқылы адвокаттарды шақыруды жүзеге асырады.
«Е - Zan Komegi» жобасы мобильді қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізу жоспарлануда, бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда облыс аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Ақмола облысының аумағында 99 адвокат пен 10 заң кеңесшісі кепілдік берілген заң көмегін көрсетеді. 2025 жылы МКБЗК 3161 азаматқа көрсетілді.
«Төрелік» ақпараттық жүйесі судьяларға азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер үшін адвокаттар мен заң консультанттарын тікелей тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық көмектің қолжетімділігі мен жеделдігін айтарлықтай жақсартады. Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Үкіметіне цифрландырудың толық ауқымды дамуын қамтамасыз етуді тапсырғаны да маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтады: «Қазақстан толық цифрландыру және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуы тиіс. Бұл біздің стратегиялық міндетіміз».
Азаматтардың қаржылық және уақыттық шығындарын үнемдей отырып, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі шараларды көздейтін «Digital Justice» жобаларының портфелі іске асырылуда. Қазіргі уақытта Азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпараттық қызмет операторларымен «Бейнеқоңырау» функционалы іске қосылды. Сонымен қатар, «Zan Komegi» мобильді қосымшасының тәжірибелік ортасында тестілеуден және оқытудан өтетін құқықтық кеңес беру бойынша АИ элементтері бар чат-ботты әзірлеу мәселесі пысықталуда.
«Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүліктік өкімдерді қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік береді. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде Egov Mobile «Ццифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді.
Ақмола облысының нотариустары 4 591 сенімхат, ал осы жылдың басынан бастап 450 сенімхат ресімдеді.
«Сот орындаушысы роботын» енгізу маңызды жетістік болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді ТЖК қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын сот орындаушысына роботқа береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасына қосымша 25% - төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Ақмола облысы бойынша 523 330 008 теңге сомасына 24 911 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалды, оның ішінде 110 623 052 теңге сомасына 5 324 атқарушылық іс жүргізу аяқталды, бұның ішінде нақты 104 328 103 теңге соммасына 5 324 атқарушылық іс аяқталып, бұл ретте облыс тұрғындары жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді болдырмау есебінен 26 082 026 теңге үнемдеді.
Қаржы және уақыт шығындарын үнемдей отырып, жаңа цифрлық уақыт жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әділет органдарының жүйелерін одан әрі жетілдіру жоспарлануда, атап айтқанда:-қабылдау үшін оңайлатылған нысанда заң консультациясын алуға, сондай – ақ барлық қажетті құжаттарды жинауға арналған Әйтеке кіріктірілген АИ-көмекшісін-чат-ботты әзірлеу бойынша; - Робот сот орындаушысы бойынша берешектің шекті мәнін 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайту азаматтарға жылына 12, 2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдаланудың қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады. Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді жақсартуға ықпал етеді, қызметтер жеңілдетіледі, уақыт пен ақша үнемделеді, осы қызметтерді алуда қолжетімділік пен ыңғайлылық артады, сондай – ақ әкімшілік кедергілер азаяды, бұл процесті неғұрлым ашық әрі тиімді етеді.
Қазіргі уақытта әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электрондық форматқа ауыстырылды. Олардың көпшілігі толығымен автоматтандырылған, бұл олардың қызмет ету мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
Әділет департаменті мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2025 жылғы 1 тоқсанда 318 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет түрлері: өндіріп алушының өтінішібойыншаатқарушылыққұжаттыңнегізіндеатқарушылық іс жүргізуді қозғау; жекесоторындаушысының қызметімен,адвокаттықжәненотариаттыққызметпенайналысуқұқығынаүміткерадамдардыаттестаттауданөткізу;Әділеторгандарыменөзге де мемлекеттікоргандардан,сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасыныңнотариустарынан шығатын ресмиқұжаттарғаапостиль қою.Заңдытұлғаларды мемлекеттік тіркеу жәнефилиалдарменөкілдіктердіесептіктіркеусаласындағымемлекеттікқызметтердің7түрі.
Бізоңдинамиканыкөріп отырмыз,өйткеніазаматтарқажеттіқызметтердіалуүшінцифрлықмүмкіндіктердікөбірекпайдаланады.
Егержаңажобалартуралы болса,онда «ЦифрлықӘділет»бағдарламасышеңберіндемемлекеттікқызметтердіцифрландыружәнеавтоматтандыружөніндешараларқабылданды,осылайша былтырғы жылы«Аттестаттауреинжинирингі»автоматтандырылғанрежимдемемлекеттікқызметтеркөрсетужөніндегіпилоттықжоба іске қосылды - адвокаттық,нотариаттыққызметпенжәнежекесоторындаушысының қызметімен айналысуғақұқық.
Бұлжобаситуациялықкейстерге (онлайнформаттатестілеу) айырбастау үшін ауызшакомиссиялықәңгімелесукезеңін алып тастады,осылайшааттестаттаурәсімініңқолжетімділігіменашықтығықамтамасыз етілді және Мемлекеттік қызметмерзімдеріқысқартылды.Бұлаттестаттаурәсімініңашықтығынарттырып, мамандыққақолжетімділіктіарттырды.
Біз мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі жұмыс істейміз. Ол үшін: мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді кәсіби және жедел жұмыс істеуі үшін оқыту жүргізіледі; халық үшін құқық түсіндіру іс-шаралары үнемі ұйымдастырылады, онда қызметтерді алу ережелері мен тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріледі; азаматтар қажетті ақпаратпен алдын ала танысуы үшін БАҚ-та және ресми ресурстарда мақалалар мен түсініктемелер жарияланады; электрондық сервистер жетілдіріледі, бұл қызмет көрсетуді қысқартуға мүмкіндік береді. өтінімдерді қарау мерзімі және қызметтерді алу процесін ыңғайлы ету.
Біздіңмақсатымыз-мемлекеттікқызметтердібарлықазаматтарүшінқолжетімді,ашықжәнеыңғайлы ету.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу енді ХҚКО-ға бару қажеттілігін болдырмай, электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. 2025 жылғы есептік кезеңінде 147 тіркеу қызметі жүргізілді.
Меншік иелері бірлестіктерінің институтын (бұдан әрі – МИБ)енгізу бойынша реформаны іске асыру үшін МИБ-ке электрондық дауыс беруді жүргізуді және оны электрондық тіркеуді көздейтін жоба іске асырылды.
Мысалы,егербұрыназаматтаросьтітіркеугежәнеоныңтөрағасынсайлауғаүйтұрғындарыменбірнешекездесуденбастапәділеторгандарынатиістіөтініш беруге дейінұзақжол жүруге мәжбүрболса, ендіұялытелефондағытүйменібір рет басу арқылықосымша арқылы онлайнөтінім беру жеткілікті.Жаңажобаныңарқасындатұрғындаронлайн-форматта МИБ төрағасынанемесетолықсеріктестіккедауыс бере алады.Цифрлықәзірлеуқұжаттардықашықтантапсыруғажәне үйді басқарудың жаңанысанынтіркеуге, қол жинаудыавтоматтандыруға,тұрғындардыңдауыстарынсанауға, кворумдыанықтауғажәнеосьтітіркеуүшінэлектрондықхаттаманықалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бастап Ақмолаоблысында 2 МИБ электрондықтіркеуіжүргізілді.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары
Шыңғыс Жұмабайұлы Айнақұлов