Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша жұмыс Департаменттің есептік кезеңге арналған жұмыс жоспарына, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспарына, сондай-ақ 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүргізіледі.
Аталған жоспарларды орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және оларды болдырмау үшін семинарлар, дәрістер өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілуде.
Есептік кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
-17.01.2025 жылы Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Едрисов М.О. жаңадан тағайындалған және алғаш рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша оқыту жүргізді.
-23.01.2025 жылы Департамент қызметкерлері үшін «Жұмыс уақыты режимін сақтау, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.
-29.01.2025 жылы «Арқа ажары» газетінде «Жемқорлық – елдің соры» атты мақала жарияланды.
-29.01.2025 жылы интернет-ресурста Ақмола облысының Әділет департаменті тарапынан 2024 жылдың 4-тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жүргізілген жұмыс туралы ақпарат жарияланды.
-28.01.2025 жылы Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
-12.02.2025 жылы Бурабай аудандық сотының қызметкерлеріне Бурабай ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс оқылды.
-20.02.2025 жылы Департамент қызметкерлеріне «Қызметтік әдеп стандарттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
-13.02.2025 жылы «Бурабай» газетінде (№6) Бурабай ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің сот орындаушысы Н. Жүзбаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.
-24.02.2025 жылы Департамент қызметкерлеріне қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
-07.03.2025 жылы «Ерейментау арнасы» газетінде (№9) Ақкөл ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік органдардың басты міндеті» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
-12.03.2025 жылы әлеуметтік желілерде Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Едрисов М.О.-ның «Құқықтық ағарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамның негізі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
-12.03.2025 жылы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
-12.03.2025 жылы Есіл қаласындағы Агротехникалық колледж студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлық – ауру, онымен күресу – біздің міндетіміз» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
-12.03.2025 жылы Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Едрисов М.О. Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Серік А.О.-мен бірге Департамент қызметкерлеріне 270-нысан бойынша декларация тапсыру мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырды.
-17.03.2025 жылы әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Ақмола облысының Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Д. Ибраеваның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы хаттамасының 1.56-тармағын орындау мақсатында, Ақмола облысының Әділет департаментінде қызметкерлер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың бар-жоғына тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі.
Есептік кезеңде «Сенім телефонына» әділет органдары қызметкерлерінің заңсыз немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты ешқандай хабарламалар түскен жоқ.