Меню

Страницы

Статья

Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы электрондық қызметтер

Әділет органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Соңғы жылдардағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру құрылу тәртібі мен шарттарын жеңілдетуге ықпал етті.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы әділет органдары электрондық нысанда іске асырылған мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді тек онлайн ғана емес, ХҚКО арқылы да пайдалануға болады.

Электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері («eGov mobile» мобильдік қосымшасы, «УправДом» қосымшасы және т. б.) арқылы ұсынылады

Бұл ретте, іске асырылған Электрондық қызметтердің бар болуы – бір мәселе, басқа мәселе – олардың қызметтерді тұтынушылар арасында танымалдығы, яғни халықтың және бизнес субъектілерінің электрондық қызметтерді алудағы белсенділігі.

Электрондық қызметтерді тұтынушылар санының өсуі оларды алу кезінде қолда бар елеулі артықшылықтармен байланысты. Сонымен, онлайн режимінде электрондық қызметтерді кеңседен немесе пәтерден шықпай-ақ тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады; оларды кезекте тұрусыз алу жылдамдығы; электрондық өтінішті толтыру кезінде дәлсіздікті жедел және дербес түзету және     т. б.

Жоғарыда көрсетілген артықшылықтардан басқа, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңды тұлғаның басшысын ауыстыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу автоматтандырылды, орналасқан жерін, қызмет түрін өзгерту, жарғылық капиталды ұлғайту және т. б. кезінде «электрондық үкімет» порталы арқылы хабарлама жасау тәртібі енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1 жұмыс күні мерзімімен заңды тұлғалардың атауын өзектендіру (түзету) бойынша жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді.

Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында заңды тұлға туралы ақпарат алуды көздей отырып, қажетті мәліметтерді таңдап, өзінің ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы сұрау салу жолдай отырып», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды.

Коммерциялық емес ұйымдарды «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық форматта тіркеу енгізілді.

Бұл механизм қағаз құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы тапсыруды болдырмауға мүмкіндік берді.

Осылайша, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, заңды тұлғаларды тіркеу саласында жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы          Тлеген Әубакір

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
09 января 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы