Меню

Страницы

Статья

Адвокаттық қызмет және нотариаттық қызмет саласында әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер  

Адвокатура және нотариат саласында Әділет департаментімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі - «адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу». Аталған мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған режимде өткізіледі.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту кезеңіне тағылымдамадан сәтті өткен азамат өте алады.

Адвокат лицензиясын алуға үміткер адамның тағылымдамадан өту ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін, нотариус лицензиясын алуға тағылымдама мерзімі кемінде бір жылды құрайды.

Жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Адвокат Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар электрондық үкіметтің веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттарды тапсырады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Әділет департаментімен өтінішті қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Әділет департаменті құжаттарды тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

Аттестаттауға жіберілгеннен кейін үміткерге аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы «жеке кабинетке» хабарланады.

Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;

- практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.

Тестілеу өткізілетін заңнамалардың тізбесі, сондай-ақ әрбір заңнама бойынша сұрақтардың саны Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру туралы Тәртібінде» көрсетілген, аталған тәртіппен ZAN.KZ. сайтында таңысуға болады.

Аттестаттаудың бірінші кезеңінен сәтті өткен жағдайда үміткер екінші кезеңде нақты жағдайды сипаттайтын кейстік тапсырмалар болып табылатын 3 ситуациялық тапсырма бойынша 12 сұраққа жауап беруі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

Сондай-ақ, тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол берілетінін айта кету қажет.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, Әділет департаментінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

 

 

Аққу Естай

Ақмола облысы

Әділет департаментінің бас маманы

 

 

Дата публикации
17 декабря 2024
Дата обновления
17 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы