Меню

Страницы

Статья

«Тіркеу қызметі саласындағы жаңалық» тақырыбына мақала

Құрметті оқырмандыр! Тіркеу қызметі саласындағы енгізілген, қолданыстағы, және келесі жылы енгізілетін жаңалықтарды тағы да атап өткім келеді.

Барлығына белгілі, әділет органдарының құзырында тіркеу қызметінің бағыттары – ол коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, коммерциялық заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлік және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою бағыттарын мемлекеттік және әдістемелік бақылау.

 

Мәселен, жақында Электрондық Үкімет Порталында (ЭҮП, egov.kz) коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылды.

Бұл қызметті енгізудің артықшылығы коммерциялық емес ұйымдарды құру және тіркеу процессін жеңілдету болып табылады.

Мысалы, пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының (КТЕҮЖ) иелері үшін УправДом мобильді қосымшасы (Coogle Play және Apple Store арқылы орнатуға болады) әзірленді, осы қосымшаны пайдалана отырып, пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының (КТЕҮЖ) иелері ММИБ (мүлік меншік иелерінің бірлестігін) тіркеу және ММИБ-нің төрағасын өзгерту мәселелері бойынша дауыс бере алады.

УправДом мобильді қосымшасы арқылы пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының  иелерінің қағазға қол жинаудан босатады және осылайша процесті жеңілдетеді.

 

Келесі жылдың 7 қаңтарынан бастап ММИБ тіркеу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі өзгертіледі, атап айтқанда, ММИБ-нің үлгілік жарғысын ұсынудың қажеттілігі жойылды, тұтыну кооперативі үшін құрылтай жиналысының шешімі, ал тұрғын- үй құрылысы кооперативі үшін - тұрғын- үй құрылысы кооперативін құру туралы шешімі қажет.

 

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеудегі хабарлау тәртібін жою бойынша түзетулер 2025 жылғы 07.01. бастап күшіне енеді.

 

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сәйкестендіру нөмірлері жоқ адамдарды қоспағанда, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар төлқұжат немесе шетелдік құрылтайшыны анықтайтын басқа құжат, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымдарды тіркеу құқығын растайтын құжат қажет болады.

Акционерлік қоғамдарды (олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда), жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электронды өтініш беру мерзімі бір сағаттан бір жұмыс күніне ауыстырылды.

 

Сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту негіздері бойынша толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:

 

- егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 б. (алаяқтық), 249 б. (рейдерлік), 365 б. (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) көзделген қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;

 

- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын төлқұжаттың немесе басқа құжаттың қазақ және орыс тіліндегі нотариалды аудармасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымдарды тіркеу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

 

- сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің көшірмесі немесе шетелдік заңды тұлғаның құрылтайшысы шет мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын өзге де заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттардың көшірмелері ұсынылмаған жағдайда;

 

2025 жылғы 07.01. бастап тиісті Заңда көзделген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері (қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда) қазіргі уақытта ерекшелік болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылатынын атап өткен жөн.

 

Келесі жылдың 7 қаңтарынан бастап заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту және толықтыру туралы хабардар ету тәртібі заңды тұлғаның бенефициарлы меншік иесінің байланыс деректерін (телефоны, электрондық мекенжайын) өзгерту негіздемесімен толықтырылады.

 

Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызмет алушының жеке басын биометриялық куәландыру жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Сонымен бірге, ЭҮП-да «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және басқа да мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан түсетін ресми құжаттарға апостиль қою» (Е-Апостиль) электронды мемлекеттік қызметі енгізілді.

Апостиль қою қажет құжаттардың көшірмелерін сканерлеу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат Порталда бұл қызметті пайдалана алады.

Қызметті жүзеге асырудың міндетті шарты электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы қызметтің қолжетімділігі мен төлемі болып табылады.

Азамат өтініш берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның құжаттарына апостиль коюға жататындығы немесе жатпайтындағы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері, берілген және қабылданған күні туралы хабарлама алады. Осыдан кейін апостиль койылған құжатты әділет департаментінен 1-3 сағат ішінде ала алады.

ЭҮП арқылы қызмет алу өте ыңғайлы, бұл жеке уақытты үнемдеудің және қызметтің өнделуін күту уақытын азайтудың тиімді жолы.

Құжаттарға аппостиль қоюдың электрондық өтініші, өтінішті қағаз жеткізгіште беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн.

Осы көрсетілген өзгерістер мен толықтырулардың барлығы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетуге, қажетті құжаттардың тізбесін барынша азайтуға және көрсету мерзімін қысқартуға бағытталған.

 

Ақмола облысы

әділет Департаменті

басшысының орынбасары

Гульмира Сагадиева 

Дата публикации
27 ноября 2024
Дата обновления
27 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы