1-сұрақ:
Сәлеметсізбе, Гульмира Муталлаевна, бүгін біз мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы айтатын боламыз. Менің ойымша бұл өте маңызды ьақырып және оның тұжырымдамасынан бастайық және ол неде?
жауап:
Сәлеметсізбе, мен бүгін сіздермен маңызды тақырыпта сөйлескеніме өте қуаныштымын. Мен әдеттегідей басынан бастайын, Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заң көмегі – Қазақстан республикасы Конституциясының 13 бабы 3-тармағында бекітілген әрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығын, оның ішінде арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, тәртіппен іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген.
Бұдан басқа, кепілді мемлекеттік заң көмегін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құқықтық ақпараттандыру түрінде өтеусіз көрсетеді, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылар. ҚР заңдарында көзделген жағдайларда кепілді мемлекеттік заң көмегін өзге адамдар өтеусіз көрсете алады.
2-сұрақ:
Кепілді мемлекеттік заң көмегі аясында азаматтардың қай санаты көмек ала алады?
жауап:
Барлық азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық ақпарат түрінде кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін тегін алуға құқығы бар екенін айту маңызды.
Бұл ретте, құқықтық кеңес беру түріндегі кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі азаматтардың мынадай санатында көрсетіледі:
1.Алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жардемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар;
2.жыныстық зорлыұқ-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандарға;
3.Жеке тұлғаларға асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселері бойынша;
4.Жеке тұлғаларға асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселері;
5.Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мәселелер бойынша;
6.Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
7.Бір айда жан басына шыққандағы орташа табысы облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған адамдарға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша;
Бұдан басқа соттарда, қылмыстық қудалау органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі көрсетіледі:
1.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға:
2.Қазақстан республикасының азаматтық іс-жүргізу заңнамасына сәйкес талапкерге не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талапкерге;
3.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, жәбірленушіге.
Біздің азаматтар тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан, сондай –ақ кепілді мемлекеттік заң көмегіне мұқтаж адамның мүддесі үшін Қазақстан республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы, мұндай көмек көрсету туралы өтінішпен оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен жүгіне алады.
3-сұрақ:
Гульмира Муталлаевна мемлекет адвокат немесе заң кеңесшілеріне көрсетілген заң көмегін қалай өтейді?
жауап:
Біріншіден, кепілді мемлекеттік заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокат немесе заң консультанты әділет органымен осындай көмек көрсету туралы келісім жасасуға және Е-заң көмегі ақпараттық жүйесінде тіркелу тиіс.
Қазіргі уақытта бұл жүйеге Ақмола облысы бойынша 99 адвокат және 19 заң кеңесшісі қатысуда.Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға заң көмегін көрсеткеннен кейін біздің адвокаттарымыз бен заң кеңесшіміз адвокат, заң кеңесшісі көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық кеңес беруге , қорғауға және өкілдік етуге , сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес төлеуді жүзеге асырады.Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 5950 азаматқа 100 млн тенгеден астам сомаға кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі көрсетілді.
4-сұрақ:
Айтыңызшы, еліміздің заңнамасында заң көмегінің тағы қандай нысандары қарастырылған?
жауап:
Заң көмегінің нысандары өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі болып табылады, мен егжей-тегжейлі айтып өткендей, бұл мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі. Әрине, біздің оқырмандар заң көмегін көрсету туралы шарт жасалып, клиент адвокаттың немесе адвокаттыың қызметтерін өз қаражатынан төлеген кезде ақылы негізде көмек ұғымын біледі. Сондықтан мен кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге тоқталамын.
Жалпы, кешенді әлеуметтік заң көмегі немесе pro bono шеңберінде заң көмегін көрсету ұғымы, латын тілінен аударғанда қоғамдық игілік үшін дегенді білдіреді, бұл көмек жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға мүлдем өтеусіз негізде көрсетіледі, және мемлекет бұл көмекті өтемейді. Сонымен қатар кешенді әлеуметтік заң көмегін адвокаттар мен заң кеңесшілері тегін көрсетеді және онымен бірге жүреді құқықтық жағдай басынан бастап толық аяқталғанға дейін. Кешенді әлеуметтік құқықтық көмек дегеніміз – сол адвокаттың немесе заң кеңесшісінің әлеуметтік жауапкершілігі және өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматқа көмектесуге деген ұмтылыс.Бұл өте маңызды. Адвокаттар мен заң кеңесшілері кешенді әлеуметтік заң көмегі аясында белсенді көмек көрсетуде, бұл үшін біз оларға жұмыс үшін үлкен алғыс білдіремііз. Көбінесе біздің азаматтарымыздан Әділет департаменті адвокаттар алқасына немесе заң консультантары палатасына біздің азаматарымыздың алғыс хаттары келіп түседі.
5-сұрақ:
Әділет органдары үшін кепілдендірілген заң көмегін көрсету жүйесі неге соншалықты маңызды және өзекті, азаматтар оны көрсетуге наразылық білдірген кез фактілері барма?
жауап:
Біріншіден, бұл біз үшін әрқашан маңызды және өзекті болады, өйткені бұл біздің азаматтарымыздың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын жүзеге асырудың бір түрі және біздің мақсатымыз еліміздің әобір азаматы бұл туралы білуі үшін оның құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуы керек. Осы салада хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында біз адвокаттармен және заңгерлермен бірлесіп тиісті іс-шаралар, акциялар, сапарлар, әлеуметтік осал санаттағы адамдарға барып, біздің заңгер әріптестеріміз азаматтарға тегін кеңес береді, қандай да бір құқықтық жағдайд талдауға көмектеседі. Біздің мақсатымыз облыс тұрғындарын қамту және оларға , оның ішінде шалғайдағы ауылдық округтерге қажетті құқықтық көмек көрсету.Өкінішке орай, азаматтардан сапасыз заң көмегіне оның ішінде кепілді мемлекеттік заң көмегі шеңберінде өтініштер келіп түсетінің мойындауға мәжбүр және мұндай әрбір өтініш әділет органдарының ерекше бақылауында болады және мұқият зерделенуге және адвокаттар алқасының тәртіптік комиссияларға немесе заң консультанттары палатасына қарау үшін жіберіледі. Менің ойымша біздің және біздің әріптестеріміздің осы жүйедегі жұмысы тегін заң көмегін көрсету азаматтардың өтініштерін азайту, дәлірек айтсақ, оларды толығымен алып тастау үшін қойылуы керек.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары
Гульмира Сагадиева