Меню

Страницы

Статья

Енді ММИБ төрағасын онлайн қайта сайлауға болады

 

 

Енді көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ММИБ төрағасын ұзақ уақыт пәтер тұрғындарының қолдарын жинаусыз қайта сайлай алады және Өз үйіңді басқар қосымшасында үйді басқару мәселелері бойынша жылдам шешімдер қабылдай алады.

Мобильді қосымшаны Google Play немесе Apple Store қосымшасынан тегін жүктеп алуға болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және ТКШ мәселелері бойынша дауыс беруді өткізуге байланысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Әділет министрлігі "Қазақстан Басқармасы" ЖШС-мен бірлесіп тұрғындардың қолдарын онлайн-жинауды, дауыстарды автоматты түрде есептеуді, кворумды есептеуді және электронды хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «онлайн ММИБ тіркеу» жобасын іске асырды.

Бұл жоба ММИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды көрсетті.

Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандықтарға "ММИБ төрағасын ауыстыру" қызметі қолжетімді болды.

Өз үйінде ММИБ төрағасын ауыстыру үшін Өз үйіңді басқар қосымшасына кіріп, дауыс беруден өтіп, жаңа төрағаны таңдау керек, содан кейін ММИБ төрағасы туралы мәліметтер автоматты түрде жаңартылады.

Қорытындылай келе, кез-келген енгізілген инновациялар мен процестер халықтың ыңғайлығы мен игілігі үшін жасалады. ММИБ төрағасын өзгерту процесін енгізудің артықшылығы-уақытты қысқарту, қағазбастылықтың болмауы, ең бастысы кеңседен (үйден) шықпай-ақ мәліметтерді өзгерту мүмкіндігі.

 

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы                           

Тілеген Әубакір

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы