Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

Қоғамдық қатынастарға нәтижелі және мақсатты құқықтық ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы нормашығармашылық қызмет болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік тіркеу болып табылады.

НҚА мемлекеттік тіркеу институты 1993 жылы құрылған.

НҚА мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген актілердің заңды күші жоқ.

Әділет органдары НҚА-ның қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізеді, онда негізгі мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым жасауға жол бермеу болып табылады.

2016 жылғы 6 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы заңнамаға тәуелді актілердің қабылдау және әрекет етудің барлық саласын, сондай-ақ нормашығармашылық процесін реттейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне  өзгерiстер енгiзу туралы»  қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың НҚА мемлекеттік тіркеу функциясы аумақтық әділет органдарына берілді. Осыған орай, 2023 жылдың  1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың НҚА мемлекеттік тіркеуге Әділет департаментіне жіберіледі.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органның 97 НҚА тіркелді.

НҚА мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциясы заңға тәуелді актілердің заңдылығын, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Әділет органдарында тіркелген НҚА-мен әрбір азамат Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінде таныса алады.

 

 

 

Гаухар  Оразалинова

Ақмола облысы Әділет департаментінің

жетекші маманының м.а.

 

Дата публикации
15 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы