Бірлестіктерінің бостандығына құқық адам мен азаматтың маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оны іске асыру қоғамның мүдделеріне жауап береді және мемлекеттің қорғауында болады.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер деп заңдарға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша кемінде үш адам құрылады.
Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктерін құрып, жұмыс істей алады.
Республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер жатады.
Өңірлік қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктері жатады.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысының шегінде жұмыс істейтін бірлестіктері жатады.
Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеуші органға оны құру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай мерзімде белгіленген нысандағы өтініш беріледі, сондай-ақ:
Қоғамдық бірлестігін тіркеу және құжаттарды беру рәсімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді, ал жергілікті мәртебесі бар облыстардың және Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әділет департаменттері жүзеге асырады.
Қоғамдық бірлестікті тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестігін тіркеуден бас тарту негіздері "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 11-бабымен регттелген.
Мәселен, қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 364 қоғамдық бірлестіктері және қоғамдық бірлестіктерінің 424 филиалы мен өкілдігі тіркелген.
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің
бас маманы
Жуварова С.М.