Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік кепілдік берген, құқықтық көмек

Мемлекеттік кепілдік берген, құқықтық көмек

(«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңына Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту саласында енгізілген өзгерістер)

         Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

         Тегін заң көмегінің бір түрі мемлекет кепілдік берген заң көмегі болып табылады «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және бақа да Қазақстан Республикасының актілерімен көзделген негізінде алуға құқылы  жеке және заңды тұлғалаларға адвокаттар мен заң консультанттары  көрсете алады.

         Біздің еліміздің заңнамасы үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді атап айтқанда, жоғарыда аталған Заңның 26-бабына мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізілді.

         Осылайша, бұл тізім толықтырылды және құқықтық кеңес беру түрінде заң көмегін тегін алуға құқығы бар тұлғалардың келесі санаттарын қамтиды:

  • алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері жөніндегі жеке тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар;
  • жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, терроризм актісінің құрбандары не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандар;
  • асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;
  • жеке тұлғалар жұмысқа байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мәселелер бойынша зейнеткерлер;
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көп балалы отбасылар;
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен бір айда жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтылған адамдар (отбасылар).

         Ақмола облысының Әділет департаменті халыққа құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен кешенді әлеуметтік заң көмегіне қатысты түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

         Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 338 адвокат заң көмегін көрсетеді, оның ішінде 93 адвокат және 10 заң консультанты  «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді.

         Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында  2 471 азаматқа мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілді, оның шініде азаматтық істер бойынша 38, қылмыстық істер бойынша 1 797, әкімшілік істер бойынша 161, сонымен қатар 475 азаматқа құқықтық кеңес берілді.

         Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасына  87056571980 телефон нөмірі бойынша, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына 87057450257, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментіне 8(7162) 40-15-08 хабарласуға болады.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің басшысы

Баукен Серікұлы Әлмеш

Дата публикации
02 мая 2024
Дата обновления
02 мая 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы