Ақмола облысы бойынша жеке сот орындаушыларымен борышкерлерден кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеу бойынша пайда болған берешектерді өндіріп алу бойынша жұмыс жалғасуда.
Мәселен, ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші декадасында Ақмола облысының Әділет департаменті, Ақмола облысының өңірлік палатасының үйлестіруімен Ақмола облысының жеке сот орындаушылары З.Р. Гафурованың және Д.Е. Дангуловтың қабылдаған шаралармен екі борышкермен атқарушылық іс жүргізу бойынша жалпы сомасы 3 707 883 теңгеге алимент өндіріп алу туралы қалыптасқан берешектерін өтеу қамтамасыз етілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі