Меню

Страницы

Статья

Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

         «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) 1-бабының 44-1-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі-бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат.

         Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітуге жатады.

         Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

         Бекітілген, белгіленген тәртіппен салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.

         Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

- белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

- құқық белгілейтін құжат (салынған объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі);

- жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.

         «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 27 және 31-баптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде құқықты мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.

         Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатқа жазба жасау болып табылады.

 

Ақмола облысы әділет департаментінің

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы                            Т. Әубакір

Дата публикации
09 апреля 2024
Дата обновления
09 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы