Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Заңның қабылдануымен алдын алу және қылмыстық – құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларының жүйесі құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік атмосферасын құру арқылы азаматтық қоғамды белсенді түрде тартуда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңымен мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қамтамасыз етілді, меритократия қағидалары ашық конкурстық іріктеу тетіктері арқылы енгізілді. Командалық орын ауыстыру үшін жағдайлар қысқартылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды және жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өткізілді.
Ақмола облысының Әділет департаменті 2023 жылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 10 конкурс жариялады. Құзыреттілік негізінде ілгерілету мақсатында 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін меритократия қағидасы бойынша жоғары тұрған басшы лауазымға 5 мемлекеттік қызметші тағайындалды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданылады, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Этика бойынша кеңестер жұмыс жасайды.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға бағытталған іс – шаралар өткізеді. Семинарлар, аппараттық оқу, халықпен кездесулер, сондай - ақ ұжымның корпоративтік рухын нығайтуға бағытталған іс – шаралар.
Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына және судьяларға шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізілді.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, сондай – ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға және беруге толық тыйым салу көзделген.
Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірлескен қызметте (жұмысқа) жол бермеу туралы нормалар күшейтілген.
Мемлекеттік лауазымға кандидаттар мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабардар етуге міндетті.
Қоғам алдында есеп беретін және транспарентті мемлекетті қалыптастыру үшін «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы Заңмен белгіленген негіз.
«Ашық үкімет» электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды: «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық деректер», «мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау», «Ашық диалог».
Бұл ресурстар азаматтарға бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға, статистикалық ақпарат алуға және проблемалық мәселелермен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына жүгінуге мүмкіндік береді.
Онлайн режимде каралуын қадағалай отырып, шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге мүмкіндік беретін Е-өтініш әлеуметтік сервисін енгізу арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануымен жария-құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері енгізілді, сондай-ақ билік органдарының шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысу кепілдіктері күшейтілді.
Ағымдағы жылдың басында Департаментке осы жүйе арқылы 365 өтініш келіп түсті, олар заңнамаға сәйкес қаралды.
Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс барлық мүдделі топтар қатысады: оқушылар, студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқалар.
Департамент облыстың оқу орындарымен, еріктілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.
Азаматтардың сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметшілермен Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің мысалдарын жариялау арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында іс-шаралар өткізеді.
Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту тұрақты негізде жүргізіледі, Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлескен семинарлар өткізеді.
Әкімшілік бөлімінің
басшысы Д.Ибраева