Кез-келген отбасында баланың дүниеге келуі өте қуанышты және жауапты оқиға.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Баланың туу туралы медициналық куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қағаз жеткізгіште берілген баланың туу туралы медициналық куәлігі медициналық ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылуғаН, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.
Медициналық ұйымда баланың туу фактісі туралы мәліметтер босанған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне беріледі.
Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі тұлғалар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс, ал қайтыс болған бала туған жағдайда өтінішті медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс.
Бүгінгі таңда азаматтарға ыңғайлы болу үшін Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге және алуға бірнеше тәсілмен өтініш беруге болады:
Баланың тууын тіркеу қызметін алған кезде келесі құжаттар тізімі қажет:
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгідегі туу туралы куәлік беріледі.
Туу туралы куәлік жаңа туған нәрестенің ата-анасына, басқа уәкілетті адамдарға немесе бала орналасқан ұйымның өкілдеріне беріледі.
Екі немесе одан да көп бала туылған жағдайда туу туралы куәлік әр балаға беріледі.
Қазақстанда туу туралы алғашқы куәлік тегін негізде беріледі.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Коммерциялық емес
ұйымдарды тіркеу саласындағы
және бақылау бөлімнің бас маманы
Жахина Д.Н.