Меню

Страницы

Статья

Мүлікті жоғалтқыныз келмесе, алиментті уақытында төлеңіз

Мүлікті жоғалтқыныз келмесе, алиментті уақытында төлеңіз.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда кәмелетке толмағандарды асырауға немқұрайлы қарайтын ата-аналардан алимент өндіріп алу өткір проблемалардың бірі болып қала береді.

Мұндай борышкерлердің жұмысқа орналасуға және алимент төлеуге деген ұмтылысының жоқтығы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу бойынша берешектердің пайда болуына әкеледі.

Аталған борышкерлерден берешекті өндіріп алу бойынша сот орындаушылармен түрлі шаралар қолданылады, атап айтқанда  борышкерлер сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Борышкерлерде тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік болған кезде сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне тыйым салу және өндіріп алуды жөнінде шаралар қолданады.

Мысалы ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Ақмола облысының жеке сот орындаушылары тыйым салынған мүлікті беру арқылы борышкерлерге тиесілі жылжымайтын мүлікті сату арқылы жалпы сомасы 2 518 325 теңгеге алимент өндіріп алу туралы екі атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеуді қамтамасыз етті.

Мәселен, Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының бірінің орындауында 2020 жылдың 10 маусымынан бастап кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент өндіру бойынша атқарушылық өндіріс бар.

Барлық кезеңде борышкер 2022 жылыдың екі айында ғана жұмыста орналасқан және 129 566 теңге мөлшерінде алимент бойынша берешекті өтеді.

Осыған байлансыты атқарушылық өндіріс бойынша 2 965 991 теңге көлемінде бершек пайда болды.

Сот орындаушысы Ақмола облысының ауылдарының бірінде орналасқан борышкерге тиесілі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлікті өткізу арқылы берешекті өтеу жөнінде шаралар қабылдады.

Сот орындаушының қаулысымен аталған пәтерге тыйым салынып бағалаудан кейін сауда-саттыққа қойылды.

Электронды сауда-саттық екі мәрте өткізілмегендіктен, өндіріп алушы  алимен үшін қарыз есебінен тыйым салынған мүлікті қабылдау туралы шешім қабылдады.

Жеке сот орындаушысының қаулысымен борышкердің екі бөлмелі пәтер түріндегі мүлкі өндіріп алушыға берілді, осылайша 1 255 000 теңге сомасында пайда болған берешектің бір бөлігі өтелді.

Басқа атқарушылық өндіріс бойынша берешек сомасы 4 939 798 теңге құрады.

Борышкерге Ақмола облысның ауылдарының бірінде бұрынғы жұбайымен бірлескен жер учаскесімен тұрғын үй түріндегі жылжымайтын мүліктің ½ бөлігі тиесілі болды.

Жеке сот орындаушысы қабылдаған шаралармен борышкердің көрсетілген үлесі бағалау құны 1 263 325 теңге бойынша өндіріп алуға берілді.

Қазіргі таңда сот орындаушымен берешкті толық өтеуді қамтамасыз ету мақсатында борышкерді жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдануда.

 

 

 

Сот орындаушылардың қызметін реттеу

және бақылау бөлімі

Дата публикации
06 марта 2024
Дата обновления
06 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы