Меню

Страницы

Статья

Ақша үшін еркіндігінмен төлеме

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда кәмелетке толмағандарды асырауға немқұрайлы қарайтын ата-аналардан алимент өндіріп алу өткір проблемалардың бірі болып қала береді.

Мұндай борышкерлердің жұмысқа орналасуға және алимент төлеуге деген ұмтылысының жоқтығы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу бойынша берешектердің пайда болуына әкеледі.

Аталған борышкерлерден пайда болған берешектерді өндіріп алу бойынша сот орындаушылары ауыр жұмыс жүргізеді және мұндай борышкерлерге берешектерді төлеуге мәжбүрлеу бойынша түрлі шаралар қолданылады, атап айтқанда, банктердегі борышкерлердің шоттарына тыйым салынады, мүлікке билік ету бойынша шектеу шаралары қолданылады, борышкерлер сот актілерін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мәселен, Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының бірінің орындауында 2021 жылдың 30 қаңтарынан бастап кәмелетке толмаған екі баланы асырауға алимент өндіру бойынша атқарушылық өндірісі бар.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша 4 107 948 теңге сомасында бершек пайда болды, оның бір бөлігін борышкер дербес өзі төледі, қалған берешек сомасы 3 257 069 теңгені құрады.

Сот орындаушысымен борышкерге қатысты орындауды мәжбүрлеу мақсатында мүлікке билік ету бойынша белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу туралы, банктік шотқа тыйым салу бойынша шаралар қолдаынылды.

Сонымен қатар сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру бойынша  шаралар қолданылды.

2024 жылдың 28 ақпанында борышкермен алимент өндіру бойынша қалған берешек 3 257 069 теңге толық көлемде өтелді.

 

 

Сот орындаушылардың қызметін реттеу

және бақылау бөлімі

Дата публикации
06 марта 2024
Дата обновления
06 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы