Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу саласындағы кейбір мәселелер

         Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша нормаларды көздейді.

         НҚА жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығымен бекітіліген, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 100 тармағында көрсетілген НҚА жобарын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға міндетті түрде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ревизиялық комиссияның НҚА жобалары жатады.

         Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институты НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша уәкілетті ұйым болып табылады.

         НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама оны әділет органдарына келісуге енгізгенге дейін жүргізіледі. НҚА жобасын әділет органдарының қарауына енгізген кезде әзірлеуші НҚА жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және үйлестірушінің атына жіберілген сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелері бар хаттың көшірмесін қоса береді.

         НҚА жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мерзімі заңға тәуелді НҚА жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.

         Сараптаманың қорытындысы бойынша сарапшы НҚА әрбір жобасы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдар.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

         НҚА жобалары бойынша осы сараптама, әзірлеушімен оны әзірлеу сатысында жеткіліксіз негізделген НҚА жобасын жасыруға немесе мүдделік қолдауға бағытталған жемқорлыққа бейім нормаларды алып тастауға өз септігін тигізеді.

 

С. Кантарбаева

НҚАТ бөлімінің басшысы

Дата публикации
04 марта 2024
Дата обновления
04 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы