Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі коституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып – Қазақ тілі болып белгіленген. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін,мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Ата заңымызбен «Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларға» сай қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады.
Осы орайда, Ақмола облысы Әділет департаментімен де тілдің мәртебесін көтеру бойынша біршама жұмыстар жүргізіледі. Департамент қызметкерлерімен ұдайы негізде тілді жетілдіру, тілдің мәртебесін арттыру тақырыбында семинарлар, лекциялар өткізіледі. Тіл мәселесі жөнінде басқа да мемелекеттік органдармен бірлескен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Департамент басшылығымен барлық аппараттық кеңестер, мәжілістер тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Департаментпен құжат айналымы қазақ тілінде жүзеге асырылады. Қызметкерлермен БАҚ және интернет ресустарында мақалалар жарияланады. Сондай-ақ, Департамент басшылығымен қызметкерлердің рухани байлығын арттыру және ұжымда психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында облыстық, қалалық кітапханаларға, музейлер мен театрларға экскурсиялар жүзеге асырылады.Еліміздің киелі де әдемі жерлеріне шығулар ұйымдастырылады.
Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», — деп еліміздің президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы бір сұхбатында айтқаны бар. Мемлекеттік тіл мәселесі – ұлттың мәселесі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.