Меню

Страницы

Статья

Шетелге шыққанда нені білу қажет?

Шетелге шыққанда нені білу қажет?

 

       Басқа елге тұрақты тұруға, оқуға немесе жұмысқа бара жатқанда, қолданыстағы талаптарды ескере отырып, барлық құжаттарды рәсімдеу қажет.

       Шетелде ресми құжатты қабылдау үшін оны Сіз баратын елдің тіліне аудару жеткіліксіз, басқа елде оның жарамдылығын тану үшін құжатқа заңды күшін беру керек. Бұл рәсім апостиль мөртабасы деп аталады.

       Апостиль- бұл шетелде талап етілетін құжатқа қойылған қол мен мөрдің түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан.

       Апостиль уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші уағдаласушы мемлекеттің аумағында ұсынылуы тиісті ресми құжаттарға қойылады.

       Конвенцияның мәні бойынша ресми құжаттарды атап айтқанда, жеке нотариустан шығатын құжаттар, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, мемлекеттік органдардан немесе лауазымды адамнан шығатын құжаттар түсініледі.

        Ақмола облысында Әділет органдары мен облыстың өзге де мемлекеттік органдары мен нотариустардан шығатын құжаттарға апостиль қоюмен Ақмола облысының Әділет департаменті айналысады.

        Апостиль қою рәсімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының (бұдан әрі- ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталығы және www.eqov.kz. электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы алуға болатын, халыққа арналған мемлекеттік қызмет болып табылады.

        2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

       Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтінішті беруі және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі, яғни PDF файлында қоса берілген сканерленген құжаттары бар электрондық өтініші, сондай-ақ мемлекеттік баж Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу, тексеру және дайын құжаттарды беру нәтижені ЭҮП өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібере отырып, уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.

        Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

        Қызмет көрсету мерзімі келесідей:

    -   порталда-бір жұмыс күні;

    -   ХҚКО арқылы-екі жұмыс күні.

           Е-Апостильдің басты артықшылығы - құжаттарды беру уақытын қысқарту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және құжаттарды жоғалту қаупін азайту, яғни апостиль мөртабанын беру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз рәсімі болып табылады.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің                                                                                       

бас маманы                                                                                                                       Б.Т. Кушенова

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы