Меню

Страницы

Статья

Мүлікке тыйым салу- атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шарасы

Атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.

Берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін мәжбүрлеп орындатудың тиімді әдістерінің бірі борышкердің мүлкіне тыйым салу болып табылады. Бұл шара сот орындаушының қаулысымен қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылады.

Борышкердің мүлкіне тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасының  "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңымен (бұдан әрі-Заң) реттеледі.

Борышкердің мүлкіне тыйым салу іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны және берешекті төлеу туралы талап қойылған тікелей атқарушылық құжатты қамтитын атқарушылық іс жүргізу болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте сот орындаушы Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру арқылы борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізулердің болуын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыны хабардар етеді және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз етудің осы шарасы осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердің банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салуды жариялаудан тұрады, бұл туралы борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау сот орындаушының міндеті болып табылады.

Мәжбүрлеп орындау шараларының күшін жою Заңның 47 және 48-баптарымен реттеледі.

Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады. Алайда, өндіріп алушының өндіріп алудан бас тартуына; тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісімін жасауына; тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда; атқарушылық құжат орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау жөніндегі шығыстар, өсімпұлдар және жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттың өзге де талабын толық көлемде өндіріп алу немесе орындау арқылы орындауды қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріп алынғаннан кейін ғана жойылуға жатады.

Сонымен бірге, Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп орындату шараларының күші мынадай жағдайларда: егер атқарушылық құжат өндіріп алушының өтініші бойынша өндіріп алушыға қайтарылса және бұл ретте өндіріп алушы орындау бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленсе; атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі аяқталғанда жойылуға жатады.

Бұл шара атқарушылық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған және атқарушылық іс жүргізу барысында азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қалпына келтіру мен қорғау кепілдіктерінің бірі болып табылады.

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

атқарушылық іс жүргізуді

қамтамасыз ету бөлімінің

бас маманы

 

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы