Меню

Страницы

Статья

АХАЖ уақытпен бірге

 

Қазақстан Орта Азия елдері арасында заманауи технологияларды енгізу бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Цифрландыру экономикаға, еңбек нарығына, адами капиталдың дамуына ауқымды әсер етеді. Сондықтан жаңа сын-қатерлерге, өзгерістерге лайықты қарсы тұру, жаңа цифрлық шындыққа бейімделу қажет.                                                                                Азаматтар 2014 жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу саласында қызметтерді онлайн-режимде ала алады. Цифрлық технологиялар ғасырында тек смартфон немесе гаджет бар азамат кез келген азаматтық хал актісін тіркеуге өтініш бере алады, ал нәтижесін Еgov.kz электрондық үкіметтің жеке кабинетінен ала алады. Электрондық құжаттардың қағаз жеткізгіштердегі баламалылығына байланысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру тәртібі өзгертілді. Енді неке, бала туу, ажырасу, қайтыс болу тіркелгеннен кейін куәліктер Egov жеке кабинетінде электрондық нұсқада қолжетімді болады.  Бұл ретте куәліктердің қағаз нұсқаларын алу азаматтың өзі өтініш жасаған жағдайда сақталады.                                                                                                        2023 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын жергілікті атқарушы органдардан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беру жоспарлануда, бұл мемлекеттік қызметтерді алу уақытын одан әрі қысқартады.              Алдағы уақытта барлық қызметтер онлайн-форматқа, негізінен, белсенді режимге ауыстырылатын болады. Қызметтерді алудың белсенді форматы ыңғайлы, өйткені мемлекеттің өзі азаматқа белгілі бір өмірлік жағдайда қажетті қызметті алуды ұсынады. Бұл ретте, азаматқа ешкімге жүгінудің қажеті жоқ, бірақ алынған смс-хабарламаға жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу жеткілікті.   

 

 

Дата публикации
24 марта 2023
Дата обновления
24 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы