Меню

Страницы

Статья

«Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбындағы мақала

 

         Құрметті оқырмандар, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызметі көпқырлы, сонымен қатар – жауапты.

         Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтердің көп санын көрсетеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін (шағым) қарайды және оларға жауап береді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тіркеуші органдардың, басқа да субъектілердің қызметіне тексерулер жүргізеді және тағы да көптеген қызметтерді көрсетеді,  сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, сыртқы келбеті мен әдеп нормалары маңызды роль атқарады.

         Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуды алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өз функцияларының шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін Әдеп жөніндегі уәкілдер бар.

         Ақмола облысының Әділет департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары маған, Акимова Гульмира Муталлаевнаға – Департамент басшысының орынбасарына жүктелген. Департаментте мен, 20 жылдан астам жұмыс істеймін, сол себепті мен жұмыс жасау және бар тәжірибемді өз әріптестеріммен, әсіресе өз жолын мемлекеттік қызметшіден бастап келе жатқан қызметкерлермен бөлісу қажет деп санаймын.  

         Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде ҚР нормативтік актілерді, көбінесе «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын, Әдеп кодексін, сондай-ақ, 2015 жылы 29.12. Президенттің Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы қағиданы басшылыққа алады.

         Осыған байланысты, біз әртүрлі семинар, дөңгелек үстел, дәріс сияқты іс-шараларды тиісті мемлекеттік органдарды шақырумен өткіземіз, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысамыз, интернет парақшаларында мақалалар мен басылымдар жарияланады, азаматтар мен заңды тұлғалардың қабылдауы жүзеге асырылады, мониторинг, қызметкерлердің сауалнамалары және т.б. жүргізіледі.

         Әдеп жөніндегі уәкіл – өз функционалдық міндеттерін орындаудан басқа ұжымда моральдық-психологиялық  ахуалды жақсарту бойынша шараларды қабылдайтын мемлекеттік қызметші болып табылады. Осылайша, біздің ұжым музей, театр және басқа да тарихи және мәдени маңызды жерлерге барады, әртүрлі тренингтер жүргізеді, әділет органдарының қызметі туралы бейнероликтер түсіреді, ұжымдағы моральдық-психологиялық  ахуалды жақсартатын және ұжымдық рух беретін спорттық іс-шараларды, экологиялық және қайырымдылық акцияларын өткізеді. Қайырымдылық акциялары туралы айта келе, мен басшылық пен департаменттің барлық ұжымына және оның аумақтық басқармалары мен бөлімдеріне, сондай-ақ, біздің әріптестер адвокат, нотариус, заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушыларына қайырымдылықты бірігіп өткізгенге және мұқтаж азаматтарға көмектесуге дайындықтары үшін шексіз алғысымды білдіремін. Материалды, сонымен қатар, заңды тұрғыдан да көмек көрсетілгендіген атап өту өте маңызды.

         Шындығында әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі өте алуан, себебі бірінші кезекте әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, азаматтардың өтініштерін жан-жақты және сапалы қарау, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге, ұжымдағы моральдық-психологиялық  ахуалды жақсартуға және т.б. бағытталған.

         Әдеп жөніндегі уәкіл жас мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдағы жұмыс жағдайларына бейімделулеріне септігін тигізеді, егерде ұжым ішінде әріптестер жұмыс профилін ауыстырса оларға қолдау мен кеңес қажет.

         Қазіргі уақытта бәріміз білетіндей мемлекеттік басқарудың жүйесі жетілдірілуде. Сонымен бірге, міндеттердің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңіру болып табылады. Аталған құндылықтар өте маңызды, себебі бұл құндылықтар білім мен табыстың ең маңызды факторы ретінде  білім алуға талпыныс, үнемі өзін өзі жетілдіру, өз жұмысын, өз болашағын жоспарлай білу икемділігі, бізді ерекше және бірегей ететін біздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді, тілімізді, өнерімізді сақтау сияқты құндылықтар.

         Өз санаңызбен жұмыс істей отырып және өз әріптестеріне үлгі бола отырып, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық сананы, күллі қоғамды жақсарту бойынша шараларды қабылдай алады.

         Жоғарыда аталғандардың барлығы қоғамдық сананы, мемлекеттік қызметшінің санасын, біздің азаматтардың мемлекеттік аппаратқа  сенімді жаңғыртуға септігін тигізеді.

         Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады, біздің жұмысты және жалпы заңдылықты жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады, себебі, әділет органдары өте маңызды және жауапты мемлекеттік функцияларды, нормативтік құқықтық актілерді, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу,  жылжымайтын мүлік, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық хал актілерді тіркеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен методологиялық қамтамасыз ету, ресми құжаттарды апостильдеу, сот актілерін орындау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа заң көмегін көрсету және т.б.

         Қазақстанның құқықтық жүйесі – бұл нотариат, адвокатура, жеке практикамен айналысатын заңгерлер мен жеке сот орындаушыларының институттарының дамуымен байланысты екендігін атап өтуді маңызды деп санаймын, аталған институттар әділет органдарының ведомствоға бағынысты ұйымдар болып табылады. Осыған байланысты, біз, әріптестеріміз – заңгерлермен бірігіп, белсенді түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоғарыда аталған заңгерлердің қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкестіктері бойынша тексерулер жүргізіледі.

         Сонымен қатар, Қазақстанды цифрландыру – мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды және заманауи кезең және бұл туралы көп айтуға болады, дегенмен, цифрландыру өміріміздің барлық саласын қамтығанын қысқаша ғана айтайын. Осылайша, барлық мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшірілді, біз өткізетін іс-шаралар онлайн режимде мүмкін болды, мемлекеттік қызметтер саласы айтарлықтай қысқартылды және көптеген мемлекеттік қызметтер құрама болды, бұл оларды көрсету мерзімін, құжаттар тізбесін қысқартты және тұтастай алғанда рәсімнің өзін жеңілдетті. Кейбір салаларда азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін экстерриториалды принципі енгізілді.

         Бұрынғыдай әділет органдарының құзыреті шегінде Сізді толғандыратын барлық сұрақтар бойынша Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметіне, департаменттің интернет парақшаларына жүгіне аласыз немесе өтінішіңізді Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы 37 мекнжайы бойынша, департаментке, сондай-ақ электронды түрде (электронды пошта мекенжайы: kanc.akmola@adilet/gov.kz) жолдай аласыз.

 

 

Акимова Гульмира

Ақмола облысы Әділет департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы