Меню

Страницы

Статья

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтердің тәртібі мен тізбесі

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдарды тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ жүзеге асырады.

Мұнымен бірге, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүргізеді.

Осылайша, Әділет министрлігі республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, палаталарды, алқаларды тіркейді, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу жүргізеді.

Өз кезегінде әділет департаменттері жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде мемлекеттік мекемелерді, қорларды, ЗТБ және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды тіркейді, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден өткізеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.

Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі Заңмен және http://adilet.zan.kz Ережелерімен реттеледі. Коммерциялық емес ұйымдар үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні.

Кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу «Электрондық үкімет» веб-порталында өтініш берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде жүзеге асырылады. Қалған кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы