Меню

Страницы

Статья

Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады!

 

 

ҚР Әділетмині: Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады!

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосты.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.
15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.
Естеріңізге сала кетейін, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған, деді Талғат Уәли.

 

 

Дата публикации
07 февраля 2023
Дата обновления
07 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы