Меню

Страницы

Статья

Заңнамадағы жаңашылдық

 

 

Ағымдағы жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті бірқатар заңнамалық актілерге, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) түзетулер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы                  16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Мемлекеттік тіркеу рәсімін оңтайландыру шеңберінде Заңда мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан:

  • мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы (2,3,4 деңгей);
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) алып тастау туралы нормалар көзделген.

Енгізілген жаңашылдықтар жоғарыда аталған НҚА қабылдау рәсімін жеңілдетуге және бюджетте көзделген іс-шараларды жеделдетіп іске асыруға, халық пен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларды кідіріссіз қабылдауға бағытталған.

Бұл арада, мұндай актілерді НҚА мемлекеттік тіркеуден шығару әзірлеуші органдардың әзірлеу, қабылдау және ресми жариялау процесіне қатысты заңнаманың басқа да талаптарын сақтауын жоққа шығармайтынын ескеру қажет. Атап айтқанда әзірленген НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталына орналастыру, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, «Атамекен» ҰКП және сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алу.

Сонымен қатар, НҚА-ның бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету және Эталондық бақылау банкінде жариялау мақсатында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын НҚА-ны мемлекеттік органдар қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген НҚА-ға қол қоюға уәкілетті адамның электрондық                                            цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК-ға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді (Заңның 53-бабы және 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 ҚР ҮҚ 10, 11-тармақтары).

Көрсетілген түзетулер а.ж. 18 қарашада қолданысқа енгізілді.

 

 

 

Кантарбаева С.Ш.

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бас маманы

 

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 сентября 2026
"Тауар белгісін құқықтық қорғау"
28 сентября 2026
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу
23 сентября 2026
Кадастрлық паспортты беру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы