Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің әрекеттеріне шағымдану рәсімі.
Заң көмегі - Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында бекітілген әрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығын, оның ішінде арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.
Заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 20-бабына сәйкес, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен, заң консультанттарымен көрсетіледі.
Адвокаттар мен заң консультанттары тарапынан жоғарыда аталған заң бұзылған жағдайда жеке немесе заңды тұлға өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге өтініш бере алады.
Адвокаттар өзінің кәсіби міндеттерін бұзған жағдайда, тұлға Заңның 72 бабы шеңберінде, Ақмола облыстық адвокаттар алқасына заң көмегін көрсету барысында жасаған адвокаттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Көкшетау қ., Ташенов к., 47/2 мекенжайы бойынша немесе Ақмола облысының Әділет департаментіне: Көкшетау қаласы, H. Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша жүгіне алады.
Адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тарту адвокаттардың тәртіптік комиссиясымен жүзеге асырылады.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдері міндетті болып табылады.
Тәртіптік Комиссия адвокатқа мынадай тәртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) Адвокаттық қызмет туралы Заңның 60-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен адвокаттар алқасынан шығару.
Тұлға өзінің құқықтары мен заңды мүдделері адвокаттар алқасының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) оның басқару органдарының шешімдерімен бұзылған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) және (немесе) шешімдерге Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтуға құқылы.
Палата мүшелерінің заң консультанттары Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын сақтамаған жағдайда, заң көмегін көрсету ережелері мен стандарттары, кәсіптік әдеп Кодексіне, тұлға Заңның 80 - бабы 10) тармағы шеңберінде, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына: Көкшетау қ., H. Назарбаев даңғылы, 37 немесе Ақмола облысының Әділет департаментіне жүгінуге құқығы бар.
Заң консультанттарының тәртіптік комиссиясы заң консультанттары палатасының тәуелсіз органы болып табылады, заң консультанттары палаталар мүшелерінің жалпы жиналысымен сайланады.
Тәртіптік комиссия заң консультантқа мынадай тәртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) Заңның 83-бабында көзделген негіздер мен тәртіппен заң консультанттары палатасының мүшелерінен шығарылады.
Адвокат/Заң консультантың (әрекетсіздігіне) жүгінген кезде:
1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе атауы, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) өтініштің мәні;
3) өтініш берілген күні;
4) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Ақмола облысы
Әділет департаменті