2026 жылдың I тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақмола облысының Әділет департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

            Есепті кезеңде түсіндіру және алдын алу сипатындағы 10  іс-шара өткізілді.

            Атап айтқанда, 2026 жылғы 22 қаңтарда Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінде "Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет"  тақырыбында семинар өткізілді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 26 ақпанда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен осындай семинар ұйымдастырылды.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық мақалалар жарияланды.

            Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 қаңтарда «Көкшетау бүгін» облыстық газетінде әкімшілік бөлімнің басшысы Д.Ибраеваның «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — әркімнің жауапкершілігі» атты мақаласы жарық көрді.

            2026 жылғы 26 наурызда «Нұр-Қорғалжын» газетінде Целиноград ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы — аға сот орындаушысы А.Мағауовтың «Адалдық пен заң — сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның негізі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

2026 жылғы 31 наурызда Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А. Ержановтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — әрбір азаматтың міндеті» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

            2026 жылғы қаңтар айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың салдарын көрнекі түрде көрсету мақсатында департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша сот отырыстарына қатысу ұйымдастырылды.

            Тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына мониторинг жүргізіледі, оның ішінде департамент басшылығының жеке қабылдауы барысында. Жеке қабылдау кезінде аудио және бейнежазба жүргізіледі, бұл әділет органдары қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

            Департаментте сенім телефоны жұмыс істейді. Есепті кезеңде Ақмола облысының әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы хабарламалар тіркелген жоқ.

            Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілмен ай сайын департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.

            2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

            Сонымен қатар, Ақмола облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Дата публикации
31 марта 2026