Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ

№

п/п

Іс-шаралар

Аяқталу  нысаны

Орындаушылар

Орындаушының мерзімі

 

1.

Арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары арасында «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» («Коррупция – болезнь, борьба с ней – наш долг») қағидатын санаға сіңіре отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар өткізу.

Аппарат басшысына

ақпарат

ПЖД,

Әдеп жөніндегі уәкіл,

құрылымдық бөлімшелер, аумақтық әділет органдары,

ведомстволық бағынысты ұйымдар

Тұрақты

2.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотынын аударымдарына мониторинг жүргізу

Аппарат басшысына

ақпарат

МОК,

аумақтық әділет органдары

шілде, желтоқсан

3.

Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауының ықтимал ошақтарын анықтау және жолын кесу.

ПЖД-не ақпарат

Құрылымдық бөлімшелер,

ведомствалар, ведомстволық бағынысты ұйымдар,

аумақтық әділет органдары

Тұрақты

4.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізу (заңды күшіне енген сот актілерінің, сотқа дейінгі тергеу органдарының іс жүргізу құжаттарының негізінде).

Аппарат басшысына

ақпарат

ПЖД

шілде, желтоқсан

5.

Әділет органдары қызметінің барлық салаларында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оларды жою бойынша ұсынымдар бере отырып, ішкі талдау жүргізу.

ПЖД-не

 ақпарат

Ведомстволық бағынысты ұйымдар, ведомствалар,

аумақтық әділет органдары

шілде

6.

Қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілерін (негізсіз бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген артық құжаттарды талап ету және т. б.) анықтау тұрғысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жоспарлы тексерулер жүргізу.

Жетекшілік ететін
Әділет вице-министріне

ақпарат

ЦжМҚАД

Жыл сайын бекітілетін бақылау
іс-шараларының жоспарына

сәйкес*

7.

Министрліктің жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауы жағдайына мониторинг жүргізу.

Аппарат басшысына

ақпарат

ҚБД,

ведомствалар,

аумақтық әділет органдары,ведомстволық бағынысты ұйымдар,

Тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай

8.

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрудың, тоқтатудың, сондай-ақ олар бойынша ауыртпалықтарды алып тастаудың заңдылығы тұрғысынан мониторинг жүргізу.

Жетекшілік ететін
Әділет вице-министріне

ақпарат

МОК,

аумақтық әділет органдары

шілде, желтоқсан

9.

Сот сараптамаларын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу.

Министрге ақпарат

ССО,

СҚҰД

желтоқсан

10.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен (келісім бойынша) және жұртшылықпен бірлесіп семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу.

ПЖД-не ақпарат

Ведомстволық бағынысты ұйымдар,

аумақтық әділет органдары

 

шілде, желтоқсан

11.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкідерін тарта отырып (лектор ретінде) әділет органдары қызметкерлері үшін семинар ұйымдастыру.

Семинар

ПЖД,

 Әдеп жөніндегі уәкіл

 

желтоқсан

12.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ, Әдминнің ведомстволық бағынысты ұйымдары, нотариаттық палаталар, жеке сот орындаушыларының палаталары, адвокаттар алқасы және заң консультанттары өкілдерінің қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күнін» өткізу.

ПЖД-не ақпарат

(іс-шараны ұйымдастыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу)

Ведомстволық бағынысты ұйымдар,

аумақтық әділет органдары

 

шілде, желтоқсан

13.

Министрлікте және аумақтық әділет органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша ақпаратты интернет-ресурста жариялау.

Ақпараттық материалдарды МО ИРБП-да және БАҚ-та орналастыру

ПЖД,

Әдеп жөніндегі уәкіл,

ҚБД,

ведомстволық бағынысты ұйымдар,

аумақтық әділет органдары

Тұрақты

14.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу, мақалаларды жариялау арқылы қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою және БАҚ-та сөз сөйлеу.

Мақалалар, ақпараттық материалдар, радио мен теледидарда сөз сөйлеу

ПЖД,

Әдеп жөніндегі уәкіл,

  ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық әділет органдары

Тұрақты

15.

Қызметкерлерді Министрліктің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты ережелерімен таныстыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен таныстыру

ПЖД,

ведомствалар, ведомстволық бағынысты ұйымдар,

аумақтық әділет органдары

Тұрақты

16.

Аумақтық әділет органдары қызметкерлерінің тергеу изоляторларына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша сот процестеріне баруын ұйымдастыру.

ПЖД-не ақпарат

Аумақтық әділет органдары

шілде, желтоқсан

17.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Әділет министрлігінің Персоналмен жұмыс жөніндегі департаменті өкілдерінің және Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен ведомстволық бағынысты ұйым  қызметкерлері үшін семинар өткізу.

Семинар

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

 

шілде, желтоқсан

Дата публикации
20 января 2026