Ақмола облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 4-тоқсандағы жұмысын үйлестіру және өзге де бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат

Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі- Департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша жұмыс департаменттің есепті кезеңге арналған жұмыс жоспарларына, Әділет министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2025 жылғы арналған іс-шаралар жоспарына бұдан (әрі –Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, департамент  Ш.Уалиханов және  А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізідің бірлескен жоспарларын бекітті.

Жоғарыда аталған жоспарларды орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында департамент қызметкерлері арасында семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша есепті кезеңде 4 семинар өткізілді, 1 «дөнгелек устелі», 1 дәріс.

Сондай- ақ, департаменттің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары, арасында «Сыбайлас жемқорлық- дерт, онымен күресу-біздің міндетіміз» тақырыбында ақпараттық –түсіндіру семинары өткізілуде.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері арасында семинар өтті.

Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарс заңнамасының нормалары мен этикалық нормалардың ажырату мәслелері бойынша мақалалары ауданаралық бөлімінің департаментінің интернет-ресурстарына және баспа басылымдарында жарияланады.

Есепті кезеңде баспа басымдарына 2 мақала жарияланды; қызметкерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасынын нормаларын және этикалық нормаларды түсіндіретін  мақалалары жарияланады.

Есепті кезеңде баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіретін және интернет- ресурстарда 1 мақала жарияланды.

10 қарашада кафедра жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.  

Қазан айында  Зеренді ауданында  бөлім  басшысы Әубакір Т.Е. ауданының тұрғындарымен  кездесуі өткізді.

Кездесу барысында Ақмола облысының тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетіліп, әділет органдары саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді.

Есепті кезеңде барлығы 24 жеке жәнен заңды тұлғаларды қабылдау жүргізіліп, оның ішінде департамент басшысы 13 азаматты, басшының орынбасарлары 11 азаматты қабылдады.

Есепті кезеңде департаменттің «Сенім телефоні» облыстық әділет органдары қызметкерлерініңзаңсыз немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарламалар түскен жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік- 2025жылғы арналған про боно волонтерлік» жобасы аясында сәуір айында Департамент қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталыққа азаматтарды қабылдау өткізді.

Департамент  басшысының 14.08.2025 жылғы №264н бұйрығына сәйкес Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары басшысының орынбасары М.О.Едрисовқа жүктелді.

Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларының бұзылуының, сыбайлас жемқорлықтың, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, Департамент қызметкерлеріне және азаматтарға заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу мәселері бойынша күнделікті консультациялар береді, Департамент қызметкерлеріне Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша, есепті кезеңде Департамент қызметкерлері арасында қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша 4 семинар өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ жаңа мамандарды бейімдеуге қатысады, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезендегі нормалары мен Әдеп кодексін, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау тәртібін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндіреді, ұжымға корпоративтік мәдениет негіздерін енгізеді, 2 оқушылық өткізді.

 

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы                                                        Д. Ибраева

 

Дата публикации
14 января 2026