|
|
Приложение 2 |
|
|
Форма |
|
|
____________________________
|
Заявление
Прошу допустить меня к участию в конкурсе на занятие вакантной
административной государственной должности:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
С основными требованиями Правил проведения конкурса на занятие
административной государственной должности корпуса "Б" ознакомлен
(ознакомлена), согласен (согласна) и обязуюсь их выполнять.
Выражаю свое согласие на сбор и обработку моих персональных данных, в том числе с психоневрологических и наркологических организаций.
С требованием о том, что государственный служащий не может занимать государственную должность, находящуюся в непосредственной подчиненности должности, занимаемой его близкими родственниками (родителями (родителем), детьми, усыновителями (удочерителями), усыновленными (удочеренными), полнородными и неполнородными братьями и сестрами, дедушками, бабушками, внуками), супругом (супругой) и (или) свойственниками (полнородными и неполнородными братьями и сестрами, родителями и детьми супруга (супруги), а также иметь в непосредственном подчинении близких родственников, супруга (супругу) и (или) свойственников ознакомлен (ознакомлена).
С трансляцией и размещением на интернет-ресурсе государственного органа видеозаписи моего собеседования согласен ________________ (да/нет)
Отвечаю за подлинность представленных документов.
Прилагаемые документы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Адрес: ___________________________________________________________
Номера контактных телефонов: ______________________________________
e-mail: ____________________________________________________________
ИИН _____________________________________________________________
_________________________________________________________________
(подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
"____"_______________ 20__ г.
«Ақмола облысының Әділет департаменті» РММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 37, анықтама үшін телефондар: 8(7162) 25-05-20, 25-00-18, электрондық мекенжайы: D.Ibraeva@adilet.gov.kz (Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 МБ артық емес, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т. б.) - 5 МБ артық емес) әділет органдары мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау
бөлімінің бас маманы (2026 ж. 30.10. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шыға алады), «С-О-5» санаты 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 263 131 мың теңгеден бастап 302 255 мың теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету; мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорыту; мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру; жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс бақылауды жүзеге асыру; «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Блок А, грейд 5.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық саласында (заңтану немесе халықаралық құқық) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Келесі құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Сондай-ақ, персоналды басқару басқармасымен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару басқармасының (кадр қызметінің) міндеттері жүктелген тұлғамен құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабы 3 тармағына сәйкес бекітліген мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Әділет департаментіне құжаттарын электрондық түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық пошта мекенжайына тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес және мәліметтердің дәйексіз ұсынылуы немесе құжаттардың талаптарға сәйкес болмауы персоналды басқару басқармасымен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару басқармасының (кадр қызметінің) міндеттері жүктелген тұлғамен олардың қарастыруынан бас тартуға негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілу туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттарды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Әділет департаментінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электронды пошта бойынша немесе телефон арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
|
Нысан |
|
__________________________ |
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________