2020 жылдың 14 тамызында Ақмола облысының «Шанс» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығымен Нұр-Сұлтан қ. «Құқық» қоғамдық қоры және Ш.Уәлиханов атындағы университетінің дінтануы мен Әділет департаменті қызметкерінің қатысуымен «Неке қиюдың(ерлі-зайыптылардың) шарттары мен тәртібі» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Аталған семинарда некеге тұру( ерлі-зайптылардың), некеге тұруды тіркеу мерзімі, неке жасы және некені бұзу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, онлайн-семинар барысында Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен қайталама неке қию туралы куәлігін беру мәселелері бойынша түсінік берді.
Ақмола облысы Әділет департаменті
Тіркеу саласын бақылау және
әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі