Жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша нормаларды көздейді.

НҚА жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығымен бекітіліген, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 100 тармағында көрсетілген НҚА жобарын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға міндетті түрде мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың НҚА жобалары жатады.

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама оны әділет органдарына келісуге енгізгенге дейін жүргізіледі. НҚА жобасын әділет органдарының қарауына енгізген кезде әзірлеуші НҚА жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және үйлестірушінің атына жіберілген сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелері бар хаттың көшірмесін қоса береді.

НҚА жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мерзімі заңға тәуелді НҚА жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.

Сараптаманың қорытындысы бойынша сарапшы НҚА әрбір жобасы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдар.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

НҚА жобалары бойынша осы сараптама, әзірлеушімен оны әзірлеу сатысында жеткіліксіз негізделген НҚА жобасын жасыруға немесе мүдделік қолдауға бағытталған жемқорлыққа бейім нормаларды алып тастауға өз септігін тигізеді.

 

Сайран Шаркановна Кантарбаева

Ақмола облысы Әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу бөлімінің басшысы

Дата публикации
11 декабря 2023