Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және  Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру тәртібі бекітілген.

2023 жылғы 22 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды:

- «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;

- «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу».

Көрсетілетін қызметті алушы «Адвокаттық қызметпен айналысуға өтініш білдірген тұлғаларды атестаттау» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға өтініш білдірген тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды  портал арқылы Астана, Шымкент, Түркістан облысының Әділет департаменттеріне жолдайды.

        Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.

Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы «жеке кабинетке» беру арқылы хабардар етеді.

Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.

Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» жіберіледі.

 

 

 

Еркін Бекбергенов

Ақмола облысы

Әділет департаментінің бас маманы

Дата публикации
11 декабря 2023